Елордалық сот ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары болған Самат Әбішке қатысты үкімді түсіндірді
«Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жарияланымдарға байланысты Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты билікті асыра пайдаланды деп айыпталған А.-ға қатысты қылмыстық іс (ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі) қаралғанын хабарлайды. «Құпия» белгісін ескере отырып, сот отырыстары жабық форматта өтті», – делінген хабарламда.
Прокурор айыпты қолдап, соттан оны 10 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Сотталушы кінәсін толық мойындап, шын жүректен өкінген.
«Сот үкімімен А. Қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 10 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. ҚР ҚК 63-бабы негізінде тағайындалған жазаны шартты деп санау туралы қаулы етілді», – делінген сот хабарламасында.