Шымкентте заманауи архитектура мен қауіпсіздік талаптарын біріктірген ерекше жоба қолға алынды. Қазақстанның ірі құрылыс компаниясы BI Group қалада биіктігі бойынша рекордтық көрсеткішке жететін жаңа тұрғын үй кешенін салып жатыр.
Avenue 32 деп аталатын кешен 23 және 26 қабатты екі мұнарадан тұрады. Қаланың жаңа символына айналғалы тұрған бұл кешеннің басты артықшылығы — жер сілкінісіне төтеп беретін ерекше сейсмоқорғау жүйесі.

Құрылысшылар ғимараттарды MAURER SE компаниясы өндірген арнайы изоляторлармен жабдықтауда. Бұл технологияның арқасында үй іргетаспен тікелей байланыста болмайды. Толқындар кезінде ғимарат жердің қозғалысынан «бөлініп», құрылымға түсетін күш бірнеше есе азаяды. Қысқаша айтқанда, үй «қалқып тұрғандай» әсер береді.

2025 жылдың маусым айында Италияда өткізілген сынақтар кезінде сейсмоизоляторлар жүктемелер мен қатты тербелістерге сәтті шыдады. Жобаның жетекшісі Нұрлан Ершохаевтың айтуынша, бұл сынақтар халықаралық стандарттарға сай екенін дәлелдеді.
«Біздің мақсатымыз — тұрғындарға жайлылық қана емес, қауіпсіздік те ұсыну. Заманауи инженерлік шешімдер арқылы Avenue 32 — тек жай үй емес, сенімді өмір сүру кеңістігіне айналады», — дейді Ершохаев.
Кешенде қос қабатты жерасты автотұрағы, кең коммерциялық аймақтар да қарастырылған. Қаланың орталығында орналасатын бұл жоба инфрақұрылымды дамытып, Шымкенттің сәулеттік келбетін жаңғыртуға үлес қосады.

Айта кетейік, сейсмоқорғау жүйелері Жапония, АҚШ және Түркия сияқты сейсмикалық қауіпті аймақтарда көп жылдан бері қолданылып келеді. Ал Қазақстанда тұрғын үй секторында алғаш рет кең ауқымда қолға алынып отыр.

BI Group бұл тәжірибені басқа да аймақтарға таратып, сейсмикалық қауіпсіздікті ұлттық деңгейде арттыруды көздеп отыр.
BI Group — Қазақстандағы ең ірі құрылыс және девелопмент холдингі. Компания 25 жылдан астам уақыт бойы тұрғын үй және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып келеді. BI Group қауіпсіздік пен сапаны арттыруға бағытталған заманауи инженерлік шешімдерді тұрақты түрде енгізуде.
Бұл тұрғын үй кешені бойынша үлескерлердің ақшасын тартуға 71 19.12.2024 рұқсат алынды.
Уәкілетті компания: «VASCO Qazaqstan» ЖШС, құрылыс салушы: «BI Development Almaty» ЖШС.
Бұл жарнама, ҚР АК 395-бабына сәйкес, жария оферта болып табылмайды.
