Астана. 15 қыркүйек. BM.KZ — 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы автожолдарда төлем ережелері өзгерді. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.
Қазір елімізде барлығы 27 ақылы жол бар. Оларда жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеуді талап етіп тұрған жол бөлігі болса, дәл сол аралық үшін жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін төлемақы алынбайды.
«Мысалы, егер ақылы жол бөлігінің жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса, оның 5 шақырымы жөндеуді талап етсе, онда жол бойындағы ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым жол үшін ғана ақы төлейді», – деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.
Жаңа ереже республикалық және халықаралық маңызы бар барлық ақылы жолдарға қолданылады.
