Мәдениет және ақпарат министрлігі осындай ұсыныс білдіріп отыр.
Құжат «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.
Бұйрыққа сәйкес, әртістің мәдени-бұқаралық іс-шаралар барысында көрермендерге орынсыз, әдепсіз, дөрекі мінез-құлқы, балағат сөздерді қолдануда, алкогольдік ішімдіктерді ішуде, алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде, психотроптық заттардың, олардың баламалары мен прекурсорларын қолданғаны үшін жеке тұлғаларға 150 АЕК (айлық есептік көрсеткіш), заңды тұлғаларға 300 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.