Энергетика министрінің бұйрығы 17 мамыр күні күшіне енеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұйрық мыналарды көздейді:
АИ-92 және АИ-93 бензині – литріне 245 теңге;
Қазақстан Республикасында берілген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде – литріне 205 теңге;
Қазақстан Республикасында берілген мотоциклдерге, жеңіл автомобильдерге, жүк көліктеріне, арнайы, мамандандырылған жеңіл автомобильдерге және автобустарға жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсеткен кезде – тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде -литріне 205 теңге;
дизельдік отын (жазғы, маусымаралық) – литріне 315 теңге;
Қазақстан Республикасында тіркелген жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейінгі мөлшерде – литріне 295 теңге;
Қазақстан Республикасында берілетін жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу куәлігін көрсеткен кезде жүк көліктеріне, арнайы, мамандандырылған жеңіл автомобильдерге және автобустарға тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде — литріне 295 теңге.
Бұйрыққа сәйкес АИ-92 және АИ-93 маркалы бензиннің бағасы литріне 245 теңге деңгейінде белгіленеді.