Елімізде 500 мыңға жуық студенттің кредиті бар. Оның 47 мыңы проблемалық несие.
Кей банктер жұмысы жоқ болса да, 18 жасқа толғандарға тұтынушылық кредит беріп келген.
Қаржы нарығын реттеу агенттігі осындай дерек келтірді.
Енді қаржы ұйымдары жастарға ресми түрде тіркелген кірісі болса ғана несие беретін болады.
Ал сарапшылар мәселені шешу үшін кредит беру жасын шектеуді ұсынады.