Биыл көктемде сұйытылған мұнай газының бағасын көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Шамамен 5-8 теңгеге өсу жоспарлануда, — деді Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының бағасын көтере ме деген сұраққа жауап берген Алмасадам Сәтқалиев.
Ол биылғы көктемде автогаз бағасын көтеру жоспарланып отырғанын түсіндірді.
Бұған дейін Энергетика министрлігінің басшысы сұйытылған мұнай газына республикада белгіленген төмен бағаға шағымданған болатын.
Оның айтуынша, бұл сала автогаз өндіру бағасының арзандығынан шығынға батып отыр.