Финляндия билігі «Southwind компаниясын іс жүзінде Ресей бақылап отыр» деген қорытындыға келген. Ресей туроператорларының қауымдастығының хабарлауынша, тыйымның салдарынан ресейлік туристер 29 наурызда Шарм-Эль-Шейхтан Мәскеуге дер кезінде ұша алмаған. Олар ЕО аумағын айналып өтетін бағыт яғни, Қара теңіз, Грузия, Каспий теңізі және Қазақстан арқылы 11 сағатқа кешігіп Ресейге жеткізілген. Southwind Airlines әуе компаниясы 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін көп ұзамай құрылған. Оның штаб-пәтері Антальяда шоғырланған. Немістің Bild басылымының жазуынша, барлық үш ұшақ ресейлік Nordwind әуе компаниясынан алынған. Компания Түркия мен Ресейге рейстер ұшырған, бұған қоса Германия, Швейцария, Грекия, Солтүстік Македонияға ұшқан. Тыйымның салдарынан енді әуе компаниясы Швейцария мен Солтүстік Македонияға ұша алмайды.
Трендте
- «Жемқорлар мемлекет мүлкін туысының атына рәсімдейді»: Депутат жалпыға бірдей декларациялау туралы
- Қазақстан орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөледі
- Каспий итбалығы неден қырылып жатыр
- Бүгін Бүкіләлемдік балық шаруашылығы күні
- Биткоин бағасы алғаш рет $94 мың межеден асты
- Роботтар Жетісу облысындағы фермада мал жайғап жүр
- Израиль Ливанға бір тәулікте 100 зымыран атқылады
- Украинадағы Қазақстан азаматтарына ескерту айтылды