Астана. 18 тамыз. BM.KZ — 17 тамызда коалицияға мүше елдердің көшбасшылары АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы Аляскадағы кездесуден кейін Украинаға қолдау көрсету және бейбіт келіссөздердің келесі қадамдарын талқылау үшін жиналды. Бұл туралы Oxu.Az сайты Ұлыбритания үкіметінің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.
Мәлімдемеде коалиция өкілдері Трамптың Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беру жөніндегі ұстанымын жоғары бағалағаны айтылған. Сонымен қатар, олардың коалициясы Украинадағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Олар ұрыс қимылдары тоқтағаннан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күштерді орналастыруға дайын екендерін тағы да растады. Сондай-ақ, Украина әуе және теңіз кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Қарулы Күштерін қалпына келтіруге көмектесуге дайын», – делінген хабарламада.
Коалиция мүшелері Украинаға деген тұрақты қолдауларын тағы бір мәрте қуаттап, президент Владимир Зеленскийдің әділ әрі ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге деген ұмтылысын жоғары бағалаған.
Айта кетейік, бүгін Украина президенті Вашингтонға барып, соғысты аяқтау жолдарын АҚШ басшылығымен талқыламақ.
