Астана. 16 қыркүйек. BM.KZ — Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көрді.
Онда өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен саланың жай-күйі, шаруалардың жетістіктері, сондай-ақ қордаланған мәселелері жөнінде әңгімелесті.
Сондай-ақ, Ақмола облысында шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесі паш етілді. Мұнда жартылай фабрикаттар, консервілер, ет, сүт және нан өнімдері қойылған.
«Балмұздақ… Біз осында Көкшетау балмұздағын анда-санда сатып алып тұрамыз. «Эскимоны» татып көрдік, жақсы», – деді президент.
