Еуропарламент әлемде бірінші болып жасанды интеллект туралы заңды қабылдады
Бұл жөнінде Еуропарламент сайтында жазылған.
Жаңа заң аясында қоғамдық орындарда адамдардың бет-жүзін танитын жүйелерді пайдалануға тыйым салады.
Заң жұмыс орындары мен мектептерде адамдардың эмоциясы тануға, адамның жүріс-тұрысына манипуляция жасайтын технологияны пайдалануға тыйым салады.
Заң күшіне енгенде жасанды интеллект жүйесінің көмегімен өңделген суреттер немесе видеоларға тиісті маркировка беріледі.
Заңды Еуропа кеңесі мақұлдауға тиіс. Құжат мамырдың соңында күшіне енеді.