20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында төтенше жағдай болып, 8 жұмысшының әртүрлі дәрежеде жарақат алғандығы хабарланған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, арнайы комиссия да құрылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгін тағы екі адам есін жимастан ауруханда қайтыс болды.
“Интенсивті реанимациялық шаралардан кейін 1981 және 1987 жылы туған екі науқас өз-өзіне келместен көз жұмды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін соңына дейін күресті”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыдан екі күн бұрын 32 жастағы пеш меңгерушісі Исмаилов Мұзафар Имантайұлы мен технолог Қазкен Ерұлан Қайырбекұлы денесінің көп бөлігін күйік шалғандықтан қайтыс болған еді.