• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Фостерден кейін Air Astana қай бағытта «ұшады»?

Фостерден кейін Air Astana қай бағытта «ұшады»?

9 октября, 2025 Басты тақырып
Коллаж: BM.KZ

Қазақстанның ең ірі әуе компаниясында басшылық ауысты. BM.KZ корреспонденті соның айналасындағы өзгерістерге үңіліп, Air Astana-ны алда не күтіп тұрғанын талдап көрді.

Air Astana-ны 20 жыл бойы басқарған Питер Фостер өз қызметінен кететінін мәлімдеді. 8 қазанда директорлар кеңесі оның өкілеттігі 2026 жылдың наурыз айында тоқтайтынын хабарлады. Бірақ ол компанияда аға кеңесші ретінде жұмысын жалғастырады.

Оның орнына қазіргі қаржы директоры — Ибрагим Джанлыель (2003 жылдан бері компанияда еңбек етіп келеді) тағайындалмақ.

Air Astana-ның «өсу мен құлдырау» кезеңдері

Питер Фостер 2005 жылы Air Astana-ның тізгінін ұстады. Оның басшылығымен компания бірнеше дағдарыстан, пандемиядан өтті және аймақтық тасымалдаушыдан халықаралық деңгейге өсті.

2024 жылдың ақпанында Air Astana акцияларын алғаш рет биржаға шығарып (IPO), Лондон, Астана және Алматы қор биржаларында сата бастады. Осы арқылы шамамен 300 млн доллар инвестиция тартып, халықаралық есеп стандарттарына сай ашық компанияға айналды.

2025 жылдың екінші тоқсанында компанияның таза пайдасы 10,7 млн долларды құрап, табысы 12%-ға өсіп, 658 млн долларға жетті. Сол кезеңде Air Astana 20 жаңа бағыт ашып, Еуропа, Азия және Орталық Азиядағы рейстер санын көбейтті.

Қазіргі басты мәселе — Pratt & Whitney қозғалтқыштары. Airbus A320neo ұшақтарына орнатылған бұл қозғалтқыштарда өндірістік ақау анықталғандықтан, бірнеше ұшақ уақытша тоқтап тұр. Компанияның мәліметінше, барлық қозғалтқышты ауыстыруға бір жарым жыл уақыт кетеді. Бұл жағдай ұшақ санын азайтып, жаңа бағыттар ашу жоспарын тежеп отыр.

2025 жылдың қыркүйегінде Air Astana мен Астана халықаралық қаржы орталығының (AIFC) ЭКСПАТ-орталығы шетелдік инвесторлар мен мамандарға арналған адалдық (loyalty) бағдарламасын дамыту жөнінде меморандумға қол қойды.

Компания құрамындағы арзан әуе тасымалдаушы — FlyArystan 2019 жылы құрылған. Қазір ол Қазақстандағы ішкі рейстердің 40%-дан астамын орындайды. Әрине, кешігулер мен сервиске қатысты шағымдар да бар, бірақ FlyArystan ел ішінде ең көп жолаушы таситын компания болып отыр.

Aviation Week басылымының дерегінше, Air Astana Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік рейстерді дамытып жатыр. Яғни, Еуропадан Азияға ұшатын жолаушылар Астана немесе Алматы арқылы өтеді. Бұл — компанияның Стамбул мен Доха сияқты ірі әуе тораптарымен халықаралық жолаушылар ағыны үшін бәсекелесуінің бір жолы.

Жаңа басшы туралы не білеміз?

Түркия азаматы Ибрагим Джанлыель Air Astana-да 2003 жылдан бері жұмыс істейді. Бұған дейін ол коммерциялық және қаржы директоры қызметін атқарып, компанияның IPO-ға шығуына және инвесторлармен байланысына жауапты болған.

Енді оған флоттағы шектеулер мен техникалық қиындықтарға қарамастан, компанияның табыстылығын сақтап, ұшақ паркін жаңарту, премиум және бюджеттік бағыттардың арасындағы тепе-теңдікті табу міндеті жүктеліп отыр.

Фостер кезіндегі Air Astana-ға қатысты ең даулы оқиғалар

Компания талай мәрте қоғам назарында болды.

2018 жылы Лиссабон маңында Embraer E190 ұшағы тростарының шатасып орнатылуы кесірінен басқарудан шығып кете жаздаған. Экипаж жағдайды бақылауға алып, ұшақты сәтті қондырған. Тергеу нәтижесінде техникалық қызмет көрсету кезінде бірқатар ереже бұзылғаны анықталған.

2021 жылы Air Astana Embraer SA компаниясына қарсы сотқа жүгінді. Себебі жеткізілген E190-E2 ұшақтарында ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін құрылымдық ақаулар болған.

2023 жылы Қазақстанның бәсекелестікті қорғау органы Air Astana-ны нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланды және билет бағасын негізсіз көтерді деп айыптады.

2024 жылы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин әуе компаниясын қызмет көрсету кезінде, жолаушылармен тілдескенде қазақ тілін сирек қолданады деп ашық сынға алды.

Қорытынды орнына

2025 жылдың күзінде Air Astana әлі де Қазақстандағы ең ірі әуе компаниясы болып қалып отыр. Сондай-ақ, ол аймақтағы санаулы ашық компаниялардың бірі.

Акциялары шамамен 800 теңге көлемінде саудаланып келеді. Бұдан компанияның нарықтағы орнықтылғы мен инвесторлар қызығушылығының тұрақтылығын көреміз.

Питер Фостердің жиырма жылдық басқару кезеңі мәресіне жетті. Осы уақыт ішінде компания жекеменшікке өтіп, халықаралық нарыққа шықты және әуе бағыттарының ауқымын кеңейтті.

Енді тізгінді қолға алатын Ибрагим Джанлыельге үлкен жауапкершілік жүктеледі: ол шектеулі әуе флоты жағдайында компанияның қаржылық тұрақтылығын сақтап, техникалық тәуекелдерді еңсеріп, компанияның беделіне нұқсан келтірмей, халықаралық жолаушылар ағыны үшін бәсекелестікті жалғастыруға тиіс.

Диана Ыдырыс
BM.KZ

Air Astana Ибрагим Джанлыель Питер Фостер Эйр Астана

Оқылып жатыр

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

Жаңалықтар 27 января, 2026

Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында…

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

27 января, 2026

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

27 января, 2026

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

27 января, 2026

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

27 января, 2026

Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

27 января, 2026

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлеуі мүмкін

27 января, 2026

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

27 января, 2026

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

27 января, 2026

Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

27 января, 2026

Семейде ер адам полицейлердің екі көлігін өртеп жіберген

27 января, 2026

Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

27 января, 2026

Мемлекет басшысы: тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайды

26 января, 2026

Қазақстанда Нипах вирусына байланысты санитарлық бақылау күшейді

26 января, 2026

Алматыда дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ота жасады

26 января, 2026

Атырауда күкіртсутек мөлшері рұқсат етілген деңгейден 36 есе асып кетті

26 января, 2026

Жарқанаттар, жанаттар, жыландар: 2025 жылы тағы қандай жануарлар құтқарылды

26 января, 2026

4,5 млрд теңге залал: фармацевтика саласында ірі қылмыс жасаған тұлғалар ұсталды (ВИДЕО)

26 января, 2026

Футболдан Еуропа чемпионы «Ақтөбе» футбол клубында ойнайды

26 января, 2026

ІІМ: әлеуметтік желідегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін

26 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.