Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы болып сайланды. Боксшы бұл қызметті алдағы төрт жыл көлемінде атқарады, деп хабарлайды,
Бүгін, 26 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясы өтті. Отырыс барысында ҰОК басқарушысы болып Геннадий Головкин таңдалды.
Бұған дейін Ұлттық Олимпиада комитетінің тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткен болатын. Іс-шара барысында президенттікке кандидаттарды ұсыну
нысандары қаралды.
«Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды», – делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.
📢Qaz365kz