Жауапты ведомство комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаровтың айтуынша, қазіргі уақытта жүздеген және мыңдаған метр тереңдікте орналасқан күрделі, «көрінбейтін кен орындарын» зерттеуге баса назар аударылуда.
«Мемлекет жүргізіп отырған геологиялық зерделеуді арттыру мақсатында жер қойнауын зерттеу тәсілдері кеңейтіліп жатыр. Атап айтқанда, әр алаң бойынша алдымен ауытқуды анықтай отырып, спектрлік талдау әдістерін қолдана отырып, Жерді қашықтықтан зондтау; спектрлік талдау бойынша анықталған ауытқулармен жүргізілетін жұмыстарды егжей — тегжейлі көрсете отырып, бүкіл алаңда аэрогеофизикалық зерттеулер жүргізу ұсынылады, бұл көрінбейтін аймақтарды анықтауды және жер бетіне жақын объектілерді айналып өтуді қамтамасыз етеді», — деді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Келесі қадам анықталған перспективаларды сапалы растау үшін сынамаларды іріктеу және зертханалық талдаумен 1:50 000 масштабта түсіру бойынша жерүсті жұмыстарын жүргізу болуы тиіс. Бұл ретте мемлекет шығындарын ескере отырып, қол қою бонусының бастапқы мөлшерін айқындай отырып, жер қойнауын зерттеудің әрбір кезеңінің нәтижелері бойынша аукцион өткізу ұсынылады.
Аэрогеофизикалық зерттеулерді биыл Солтүстік Балқаш және Қалба-Нарым кен аймағының аумағында бастау жоспарлануда. Бұл аумақтарда жұмыстар жүргізу жаңа перспективаларды, әсіресе, сирек кездесетін шикізатты анықтауды қамтамасыз етеді.