Астана. 15 қаңтар. BM.KZ — Иранда академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттер жоқ. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлім етті.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер Иранда білім алып жатқан студеттер жөнінде сұрады.
— Қазір Иранда академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттер жоқ. Ал өздері Иранға барып, оқып жатқан студенттердің санына қатысты есеп жүргізілмейді, — деді Т. Ешенқұлов.
