Астана. 6 тамыз. /Нұргүл Ерғалиқызы/ BM.KZ – Қазақстанда заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тәркілеу бойынша ауқымды операция жүргізілді.
2025 жылғы шілде айында Бас прокуратураның үйлестіруімен, ҰҚК Ішкі істер министрлігімен бірлесіп жедел іс-шара өткізді. Арнайы операция барысында Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Павлодар, Атырау, Маңғыстау және Ұлытау облыстары назарға алынды. Нәтижесінде, 50-ге жуық атыс қаруы, 400 ден астам оқ-дәрі тәркіленді.

«45 атыс қаруы, оның ішінде 6 Калашников автоматы, түрлі модификациядағы 18 тапанша, 14 аңшылық мылтық, 7 шолақ мылтық, сондай-ақ 6 граната, 2 тротил шашкасы және 400-ден астам оқ-дәрі тәркіленді. Сонымен қатар, Ақмола облысының өңірдегі кәсіпорындардың бірінде өнеркәсіптік жарылғыш заттарды ұрлау арнасы жойылды. 20 кг жарылғыш зат тәркіленген», – деп жазылған ҰҚК хабарламасында.
Бұдан бөлек, Ақмола облысындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірінен жарылғыш заттарды ұрлау фактісі әшкереленді. Тиісінше, заңсыз айналымнан 20 келі жарылғыш зат тәркіленіп, қылмыстық арна жойылды.
