Астана. 7 желтоқсан. BM.KZ — Грузия қаржы министрлігінің тергеу қызметі кедендік алымдар салынбайтын 10 мың тоннадан астам мұнайды заңсыз сатты деген күдікпен «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ-ның үш жоғары лауазымды қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тергеу органының мәліметінше, күдіктілер 3 желтоқсанда қолға түскен. Тергеу дерегінше, Қазақстанның үш азаматы бір топ құрамында әрекет етіп, ірі көлемдегі шикі мұнайды кедендік рәсімдерден айналып өтіп сатқан. Олар құны 15 млн лариден асатын 10 мың тоннадан астам жоғары сапалы мұнайды заңсыз сатқан.
Айыпталушылар сатылған мұнайдың нақты көлемін жасыру үшін терминал қоймаларындағы өнімді ластанған және пайдалануға жарамсыз қалдықтармен алмастырып, кедендік бақылауда тұрған мұнай өнімдері сол күйі сақталғандай көрсеткен.
Құқық қорғау органдары қылмыстық схемаға қатысы бар өзге де тұлғаларды, мемлекеттік бюджетке келген залал мөлшерін және контрабандалық мұнайды өткізудің қосымша арналары анықталып жатыр.
Қылмыстық іс Грузия Қылмыстық кодексінің 214-бабының 2 және 6-бөліктері бойынша тергелуде. Бұл бап бойынша 11 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
