Астана. 6 тамыз. BM.KZ – Тбилисиде өткен аптаның соңынан бері іздестірілген қазақстандық Шыңғыс Мұсаділов бүгін өлі табылған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Айта кетейік, 27 жастағы жерлесімізді куәгерлер соңғы рет 31 шілдеден 1 тамызға қараған түні Руставели даңғылындағы Laila клубының маңында көрген.
Достары мен әріптестерінің айтуынша, ол Темірлан есімді досымен бірге ішімдік ішіп, артынан шамамен таңғы сағат 05:00 шамасында жоғалып кеткен. Сол уақыттан бері үйге де келмей, жұмысқа да еш ескертусіз шықпай қалған.
Әдетте мұндай қылық көрсетпейтіндіктен, Шыңғысты іздестіру шаралары басталған.
Шыңғыстың нақты қай жерде, қандай жағдайда табылғаны және не себеп болғаны жайында егжей-тегжейлі еш ақпарат айтылмайды.
