Астана. 24 қаңтар. BM.KZ — Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
Г. Сәбденбек әр жылдары басшылық қызметтер атқарған. Атап айтқанда, Ұлттық медициналық холдингтің стратегиялық даму департаментіне жетекшілік етті, сонымен қатар, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған.
Кейінгі қызметте ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып, әлеуметтік саясат және орнықты даму, мемлекеттік аудит, сондай-ақ қаржылық бақылау мәселелерімен айналысқан.
Бұдан бөлек ұжымға басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айдар Мекебеков таныстырылды. Ол Қаржы министрлігінің жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеген. Айталық, салық инспекторынан бастап мемлекеттік кірістер және қаржылық бақылау органдарының бөлімшелерінде басшылық қызмет атқарған. Сол секілді Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары болған.
Бүгінге дейін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі департамент директоры ретінде еңбек еткен.
