ШҰҒЫЛ! Халықаралық қылмыстық сот Шойгу мен Герасимовты тұтқындауға санкция берді
Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлады. Халықаралық қылмыстық сот Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Бас штабтың басшысы Валерий Герасимовты Украинадағы азаматтық нысандар мен бейбіт тұрғындарға соққы жасады деген айыппен қамауға алуға санкция берді.
Сот хабарында Шойгу мен Герасимовқа тағылған айыптар 2022 жылдың қазан айынан бастап 2023 жылдың 9 наурызына дейін болған оқиғаларға қатысты делінген. «Күдіктілер адамзатқа қарсы қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қасақана үлкен қайғы-қасірет немесе ауыр дене жарақатын немесе психикалық немесе физикалық денсаулыққа зиян келтірді деп санауға негіз бар», — делінген сот мәлімдемесінде.