1 қазан Иран Израильді ракетамен атқылады. Бұл туралы Израиль әскері мәлімдеді. Израиль тұрғындарына қауіпсіз жерге тығылуға бұйрық берілді. Израиль аумағына қанша ракета ұшырылғаны туралы нақты ақпарат жоқ. The Jerusalem Post Иран Израильге 400 ракета ұшырғанын жазды.
Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы бұл шабуылды «Хезболла» басшысының қазасына жауап деп түсіндірсе, Иран сыртқы істер министрі «қорғану» деді. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху «Иран үлкен қателік жасады, бұған жауап береді» деп мәлімдеді. «Кімде-кім бізге шабуыл жасаса, біз оған жауап береміз» деді ол.
Иран шабуылынан бір адам қаза тапты. Yediot Ahronot газетінің мәліметінше, Иерихона аймағының маңында жұмысшы зымыран қалдықтары тиіп қаза тапқан.