Жексенбіге қараған түні Иран Израильге дрон және қанатты зымырандармен жаппай соққы жасады. Мамандардың бағалауынша, бұл бұрын-соңды болмаған оқиға. Бұған дейін Израильге Сирия мен Ливан, Йемендегі ираншыл топтар соққы жасап келген. Израильдің 12 арнасының хабарлауынша, Иран ондаған дрон ұшырған. Израильдің жоғары лауазымды өкіліне сүйенген журналист Барак Равид «жүздеген дрон» жіберілгенін жазды. Дрондардан кейін ракетамен шабуыл жасалған. Израильдің жоғары лауазымды шенеунігіне сүйенген Ynet порталы Израиль Иран жіберген дрондар мен ракеталардың 99% атып түсіргенін хабарлады. Иран жіберген ондаған дронды Израиль шекарасына жақын маңда АҚШ бастаған аймақтық коалиция күштері жойған. Дрондарды атып түсіруге Ұлыбританияның әуе күштері де қатысты деп хабарлады Sky News.
Trending
- «Мектептегі ең сорлы пән – қазақ тілі»: Ғани Бейсембаев қазақ тіліне немқұрайлы қарап отыр ма
- Мемлекеттік тілді білмегендер Қазақстан азаматы бола алмайды!
- Президент Малайзия Премьер-министрін қабылдады
- Енді ішіп алып, «концерт қоятын» әншілерге жаза күшеймек
- Қазақстанда екі партияны тіркеуге рұқсат берілмеді
- Қазақстандағы автокөліктердің жартысына жуығы шыққанына 20 жылдан асып кеткен
- Қазақстанда қазақтан басқа 123 ұлттың диаспорасы бар
- Кореяны үш олигарх құтқарып қалды