Астана. 17 қаңтар. BM.KZ — АҚШ-тағы HRANA құқық қорғау ұйымы тұрғындардың мәлімдемелеріне сүйене отырып, Ирандағы жалпыұлттық наразылықтар барысында 3000-нан астам адам қаза тапқан. Бұл туралы Reuters жазды.
Сонымен қатар, елде 8 күнге созылған интернеттің өшірілуінен кейін желіде енді ғана тіршілік нышаны байқалған.
Иран үкіметі зорлық-зомбылықтың негізгі жауапкершілігін «наразылық білдірушілер кейпіндегі қарулы бүлікшілер» деп атаған адамдарға жүктеп отыр. Билік оларды «террористер» деп атап, олардың ұйымдастырылуына Израиль мен АҚШ-ты айыптады. Көптеген демонстранттар мен қауіпсіздік күштері қызметкерлерінің қаза табуына солар жауапты екенін мәлімдеді.
Mehr News ақпарат агенттігі кейбір пайдаланушылар үшін интернетке қолжетімділік қалпына келтірілгенін хабарлады. Сондай-ақ, ISNA жаңалықтар сайты SMS қызметінің де қайта іске қосылғанын мәлімдеді.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иран наразылық білдірушілерді өлім жазасына кессе, «өте қатаң шаралар» қолданамын деп ескерткен еді. Алайда Тегеран басшылығының жаппай дарға асу жазаларын тоқтатқанын әлеуметтік желіде жазды.
«Мен Иран басшылығының кеше жоспарланған барлық жазаларды (800-ден астам) тоқтатқанын терең құрметтеймін. Рахмет!» – деп жазды ол.
Алайда Иран билігі мұндай жазалар жоспарланғаны туралы да, олардың тоқтатылғаны туралы да ресми түрде мәлімдеген жоқ.
