Дәл қазір Таяу Шығыста Израиль мен Ливандағы «Хезболла» тобы арасындағы жағдай ушығып тұр- деп хабарлады «Азаттық» радиосы. «Хезболла» – саяси және әскери жағынан Ливандағы ең күшті топ. Тіпті «Хезболла» әскері Ливан әскерінен мықтырақ. Ливан парламентінде және үкіметінде «Хезболланың» адамдары отыр. Исламның шиит бағытын ұстанатын топты «мемлекет ішіндегі мемлекет» деп те атайды. АҚШ, Батыс елдері және сунниттік араб елдерінің біразы, соның ішінде Сауд Арабиясы «Хезболланы» террористік ұйым деп таныған. Ал «Хезболланы» Иран қолдап отыр. «Хезболла» Израильдің кез келген жеріне жететін ракеталарымыз бар дейді. Топтың лидері Хасан Насралла 100 мың жауынгеріміз бар десе, АҚШ 2022 жылы «Хезболла» әскері 45 мың адамға жетеді деп болжаған. Ал Ливандағы «Хезболлаға» қарсы партиялар мемлекетке нұқсан келтіріп, елді соғысқа тартты дейді. Былтыр қазанда Газа секторында ХАМАС тобы (АҚШ, ЕО және Израиль террористік ұйым деп таныған) мен Израиль арасында соғыс басталғанда «Хезболла» ХАМАС-ты қолдап, Израильді атқылай бастаған.
Израильмен қақтығысып жатқан «Хезболла» қандай топ?
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы
