• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Каддафидің ұлы Сейф әл-Исламды өз үйінде атып кеткен

Каддафидің ұлы Сейф әл-Исламды өз үйінде атып кеткен

4 февраля, 2026 Әлем
Фото: EPA/Scanpix

Астана. 4 ақпан. BM.KZ – Ливияның жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары елдің батыс бөлігіндегі Зинтан қаласы маңында Сейф әл-Ислам Каддафидің төрт қарулы адамның шабуылы салдарынан қаза тапқанын растады. Бұл жөнінде Euronews хабарлады.

Сейф Каддафидің саяси кеңесшісі Абдулла Осман Facebook желісіндегі парақшасында қысқаша жазба жариялап, ақпараттың рас екенін мәлімдеді. Дегенмен, ол қастандықтың себептері мен оны жасаған тұлғалар туралы нақты дерек келтірмеген.

Сейф әл-Ислам Каддафидің саяси тобы Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің ұлының қайтыс болуына байланысты ресми түрде көңіл айтты. Мәлімдемеде қазіргі уақытта марқұмның денесін елге жеткізу мәселесі шешіліп жатқаны айтылған.

Al Hadath телеарнасының Каддафи әулетіне жақын дереккөздерінің мәліметінше, Сейф әл-Ислам резиденциясының маңындағы бақта болған сәтінде ауыр жарақат алған. Шабуылға төрт адам қатысқан, олар оқиға орнынан жедел түрде бой тасалаған. Ал Al Jazeera телеарнасы қастандық жасалар алдында Каддафидің үйіндегі бейнебақылау жүйелері істен шығарылғанын хабарлады.

Сонымен қатар Ливияның Ұлттық бірлік үкіметінің Қорғаныс министрлігіне қарасты 444-ші жауынгерлік бригада Сейф әл-Исламның қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқанын алға тартуда. Алайда бригада өкілдері бұл оқиғаға өздерінің қатысы барын жоққа шығарды.

1972 жылдың маусым айында дүниеге келген Сейф әл-Ислам Каддафи Ливияны ұзақ жылдар басқарған Муаммар Каддафидің екінші ұлы болған. Ол Лондон экономика мектебінде докторлық дәрежесін қорғап, бір кезеңде Каддафи режимінің реформаторы ретінде танылды.

әлем жаңалықтары Ливия өлім-жітім сот

Оқылып жатыр

Қазақстанда прогрессивті агроэкономикаға көшу басталды

Түркістан облысында ер адам пойыз астына түсіп, қаза тапты

Қазақстанда жеке детективтер лицензия бойынша жұмыс істейтін болады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024844 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024437 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Қазақстанда прогрессивті агроэкономикаға көшу басталды

АӨК 4 февраля, 2026

Астана. 4 ақпан. BM.KZ – Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ауыл шаруашылығы…

Түркістан облысында ер адам пойыз астына түсіп, қаза тапты

4 февраля, 2026

Каддафидің ұлы Сейф әл-Исламды өз үйінде атып кеткен

4 февраля, 2026

Қазақстанда жеке детективтер лицензия бойынша жұмыс істейтін болады

4 февраля, 2026

Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

3 февраля, 2026

Ата-енесін өлтірді деген күдікке ілінген атыраулық азаматтың 5 баласы мемлекет қамқорлығына алынды

3 февраля, 2026

Серік Сәпиев Қарағандыдағы даулы оқиғадан кейін қызметінен босатылды

3 февраля, 2026

Заңғар Нұрланұлы әлемдік рейтингте ТОП-10-ға кірді

3 февраля, 2026

Үндістан ресейлік мұнайдан бас тартуға келісті – Трамп

3 февраля, 2026

Алматыда қылмыстық топ өкілі ұсталды

3 февраля, 2026

Темір рудасы төрт жыл бойы заңсыз өндіріліп, шетелге шығарылған

3 февраля, 2026

Ұлттық банк Олимпиада ойындарының құрметіне коллекциялық монета шығарады

3 февраля, 2026

Атырау облысында малдың жаппай қырылуы тіркелді

3 февраля, 2026

Қазақстанда жаңа газ кен орны табылды

3 февраля, 2026

ІІМ Конституцияның жаңа жобасына қатысты жалған ақпарат үшін жауапкершілік бар екенін ескертті

3 февраля, 2026

Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

2 февраля, 2026

Грэмми-2026: Bad Bunny «жыл альбомы» номинациясында жеңіске жетті

2 февраля, 2026

Маңғыстауда ер адам пышақ жарақатынан қаза болды

2 февраля, 2026

Қазақстан халқының саны белгілі болды

2 февраля, 2026

Жамбыл облысында анасы баласын ұрып-соққан

2 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.