• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Кадрлық ауыс-түйіс: Тоқаев дипломаттарды неге қызметінен босатты?

Кадрлық ауыс-түйіс: Тоқаев дипломаттарды неге қызметінен босатты?

26 сентября, 2025 Басты тақырып

Астана. 26 қыркүйек. BM.KZ – Жұма күні таңертең Қазақстанның ақпараттық кеңістігін дипломатиялық саладағы күтпеген кадрлық өзгерістер дүр сілкіндірді. Ең алдымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қызметінен босатты. Артынша Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Әшікбаев өз орнынан кетті. Бұған дейін Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметін атқарған Ержан Қазыхан Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның тұрақты өкілі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысы үшін стратегиялық маңызы бар сыртқы саясаттағы мұндай шұғыл шешімдер қоғамда түрлі пікір қайшылықтарын туғызды. Тоқаевтың жуырдағы АҚШ сапары сәтсіз болып, бұрынғы дипломатиялық команда тиімсіз деп танылды ма? Осы сұрақ төңірегінде BM.KZ Қазақстанның жетекші саясаттанушыларына жүгінді.

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев қоғамды асығыс қорытынды жасамауға шақырды.

Фото: Ғазиз Әбішев

«Әрине, бір жағынан, бұл өзгерістерді АҚШ сапарымен байланыстырып, “бәрі ойдағыдай болмады, сондықтан министр де, халықаралық істер жөніндегі көмекші де, елші де қызметінен айырылды” деуге болады. Демек, бір нәрсе ойдағыдай болмаған. Мүмкін, Трамптың біздің Президентпен тек телефон арқылы сөйлесуге уақыты табылып, ал Мирзиёевпен жеке кездескен шығар. Бірақ, білесіздер ме, кәсіби сарапшылар мұндай ауыс-түйістердің аяқ астынан жасалмайтынын жақсы біледі», – деді ол.

Сарапшының пайымынша, Мемлекет басшысының қадамдарына әртүрлі тұрғыдан түсіндірме беруге болады:

«Бұл – жаңа міндеттерге арналған алдын ала жоспарланған кадрлық саясат. Әдетте мұндай шешімдер кем дегенде бірнеше апта бұрын дайындалады. Сонымен бірге өзгеше интерпретация да мүмкін: оларды сәтсіздіктен емес, керісінше АҚШ сапары осы команда жұмысының шыңы болды деп қабылдап, президент оларды жаңа бағыттарға жіберді. Яғни нәтиже бейтарап немесе оң тұрғыда бағаланды. Нақты себеп уақыт өткен соң ғана белгілі болады», – деп түйіндеді Ғазиз Әбішев.

Ал саясаттанушы Арсен Сәрсеков Мемлекет басшысының АҚШ сапарындағы «қатаң үнін» ерекше атап өтті.

«Менің ойымша, назар аударарлық жайт көп. Біріншіден, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапардағы сөздерінен әдеттегіден зілді үн байқалды. Оның сыны жеке бір жағдайға емес, тұтас Біріккен Ұлттар Ұйымына және Бас Ассамблеяның мерейтойлық дебаттарының ұйымдастырылу деңгейіне бағытталды. Президент 80 жылдыққа сай дайындық болмағанын ашық айтты. Бұған себеп – Дональд пен Мелания Трамп келгенде эскалатордың істен шығуы. Мұндай ашық наразылық Тоқаевқа тән емес қадам, бұл оның халықаралық институттар мен өз дипломатиялық командасына қойып отырған талабын күшейткенін көрсетеді», – деді сарапшы.

Оның айтуынша, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Әшікбаевтың қызметтен кетуіне де осы себеп болып отыр.

«Елшілік мұндай сапарларда негізгі рөл атқарады. Егер президент ұйымдастыру деңгейіне ашық наразылық білдірсе, Вашингтондағы дипломатиялық миссияның жұмысына да сұрақтардың тууы қисынды», – деді Арсен Сәрсеков.

Сарапшы бұл кадрлық өзгерістерді тек АҚШ сапарымен шектеп қарауға болмайтынын атап өтті.

«Бұл өзгерістерге Қытайдағы ШЫҰ саммитіне сапар да ықпал етті. Себебі ауыс-түйістер тек сыртқы саясатпен шектелмей, ішкі бағытқа жауап беретін Президент Әкімшілігі құрылымына да әсер етті. Екі ірі сапардың қатарынан өтуі – бүкіл жүйе үшін күйзелісті сынақ болды. Қазір әлем терең турбуленттілік кезеңінде, енді ескі тәсілдер жаңа сын-қатерлерге сай келмейді. Сондықтан ықшам, икемді әрі жедел шешім қабылдау механизмдері қажет болды», – деді ол.

Арсен Сәрсеков Мұрат Нұртілеудің жаңа қызметін ресми тұрғыдан төмендеу деп бағалады.

«Ол министр мәртебесінен ғана емес, вице-премьер деңгейінен де айырылады. Бұл – үлкен әкімшілік ресурстан айырылу. Алайда бейресми тұрғыдан қарасақ, керісінше президентке жақындаудың белгісі болуы мүмкін. Кейде мемлекет басшылары ықпалды тұлғаларды нақты бағыттарда пайдалану мақсатымен қоғамдық және бюрократиялық қысымнан қорғап,  аппараттық тартыстардан әдейі шеттетеді», – деді саясаттанушы.

Ол ақпараттық контексті де тілге тиек етті.

«Нұртілеу қысқа мерзім ішінде көп көзге түсіп, ықпалды саяси ойыншыға айналды. Бұл қоғамда да, элита ішінде де шиеленіс тудырды. Оған қарсы реакция белгілі бір мақаладан емес, жалпы ықпалының күшеюінен туындаған болуы мүмкін. Қорытындысында біз бірнеше деңгейлі құбылысты байқаймыз: халықаралық ұйымдастыру сапасына ашық наразылық, ел ішінде жаңа жұмыс форматтарын іздеу және билік басындағы күштердің қайта орналасуы. Мұның барлығы Қазақстанның кадрлық турбуленттік кезеңіне кіргенін аңғартады.Енді ауыс-түйістер өзгермелі әлемге бейімделудің басты құралына айналмақ», – деп қорытындылады Арсен Сәрсеков.

Материалды дайындағандар:
Ербол Тұрымбет,
Нұрзат Карим,
Темірлан Құсбаев
BM.KZ

Арсен Сәрсеков Ғазиз Әбіше Ержан Ашықбаев Ержан Қазыхан Мұрат Нүртілеу

Оқылып жатыр

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Басты тақырып 5 декабря, 2025

Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Тыңдау қорытындысы Алматы облысы мәслихатының қарауына жіберіледі, деп хабарлайды Атом…

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

5 декабря, 2025

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

5 декабря, 2025

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

5 декабря, 2025

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

5 декабря, 2025

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

5 декабря, 2025

46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

5 декабря, 2025

Мэттью Перридің өлімі: актердің дәрігері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

5 декабря, 2025

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

5 декабря, 2025

БҚО-да кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

5 декабря, 2025

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

5 декабря, 2025

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

4 декабря, 2025

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

4 декабря, 2025

Алматыда жер сілкінді

4 декабря, 2025

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейді

4 декабря, 2025

Жезқазғанның су инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді — Үкімет

4 декабря, 2025

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізбеуге шақыратын ескерткіш орнатылды

4 декабря, 2025

Ақтөбеде авиазауыттың экс-басшысы 110 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

4 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.