Керқұлан қазақ жеріне оралады
Прежевальский жылқысының популяциясын қалпына келтіру шаралары қолға алынды.
2 маусымда Чехияның екі әскери ұшағы 8 жабайы жылқыны Арқалыққа алып келеді. Оларды Қостанай облысындағы «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерватына жібереді.
1960 жылдардың аяғында керқұландар мүлдем жойылып кеткен. Бірақ ғалымдар жабайы жылқының түрін сақтап қалды. Қолдан өсіруге арналған бағдарламалардың арқасында Еуропадағы зообақтарда Прежевальский жылқысының популяциясы қалпына келді.
Дереккөз: экология және табиғи ресурстар министрлігі