Кешіктірілген төлемі барларға несие алуға тыйым салынды
Тоқаев несие туралы заңға қол қойды.
Жаңа заң бойынша азаматтар борышының өсуін болдырмау үшін мерзімі өткеніне 90 күннен асқан берешегі бар тұлғаларға кепілсіз тұтынушылық қарыздар беруге тыйым салынады. Алайда қарызды қайта қаржыландыруға бұл тыйым жүрмейді.
Сондай-ақ әскери қызметшілер мерзімді әскери қызметін өтеу кезінде және демобилизациядан кейін 60 күн ішінде алған қарызына сыйақы есептеуден босатылады.
Baimedia.kz