Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек 4-қабатта ілініп тұрған кішкентай бүлдіршінді құтқарған Ақан Әкімжановты марапаттады
Оның ата-анасымен кездесіп, алғысын айтты. Ақан өзінің жылдамдығымен және батылдығымен ықтимал қайғылы жағдайдың алдын алды.
«Ақанның ата-анасына ержүрек ұл өсіріп, лайықты тәрбие бергені үшін алғысымды білдіремін! Ақан сол сияқты оқуда да, спортта да жетістіктерге жетіп жүр! Мұғалімдері мен сыныптастары ол туралы адал дос, саналы және жауапкершілігі мол оқушы деген пікірде!», – деді әкім.
Ақанға планшет пен бір миллион теңге сыйға берілді. Болашақта колледжге немесе университетке түсу кезінде де көмек көрсетілмек.