«Көктем кешігіп келеді»: Синоптиктер наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Болжамға сәйкес, биыл Қазақстанның басым бөлігінде көктем наурыздың екінші жартысы, сәуір айының басында сәл кешігіп келеді.
Оңтүстік өңірлерде наурыз жылы ауа райымен басталады. Алайда кейін суық қайта оралады. Наурыз айының бірінші онкүндігінің соңында Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында қатты жаңбыр күтіледі.
Ал ҚР оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының таулы аудандарында жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.
Наурыз айында әдетте, синоптикалық процестердің қыстан көктемге ауысуына байланысты ауа-райының жиі өзгеруі байқалады.
Дегенмен еліміздің солтүстік облыстарында бұл айда қыс жалғасын табады. Бұл аймақтарда суық ауа райы, қар, боран, көктайғақ және тұман болады. Тек кейбір күндері көктемгідей күн ашылуы мүмкін.
«Көктем кешігіп келеді»: Синоптиктер наурыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады
Пайдалы сілтемелер
Сайт картасы
