• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Кореяны үш олигарх құтқарып қалды

Кореяны үш олигарх құтқарып қалды

16 мая, 2024 Оқиғалар

Қазақстандық олигархтар, компаниялар мен қорлар «Қазақстан халқына» қорына 2022 жылдан бері жалпы сомасы 242,6 миллиард теңге аударыпты.

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша «Қазақстан халқына» қоры 116 млрд 567 млн теңгені қайырымдылық бағдарламалары мен жобалары шығындап үлгерген. Әрине, оның қандай бағдарлама мен жобалар екені, миллиардтарды кімдердің иеленгені басқа мәселе.

Жалпы алғанда, бүгінде қор бекіткен қайырымдылық бағдарламалар мен жобалардың жалпы құны 199 млрд 876 млн теңгені құрайды. Яғни, аударылған қаражат таусылуға таяды. Бекітілген бағдарламалар мен жобаларға тиісті ақшасы төленсе, 43 миллиардтай ғана қаржы қалады.

Қалай болғанда, «Қазақстан халқына» қорының рөлі нақты жобалармен шектеулі, ол Қазақстанды бірде бір дағдарыстан құтқара алмайды.

Осы орайда бізге «Таң самал елі» үлгі бола алады. Онда үш олигарх – Samsung, Hyundai мен Lotte бүкіл елді қайыршылық құрдымынан сүйреп алып шықты.

Шетелдік Forbes журналы бір қызықты дерекке назар аудартады. Республиканың «экономикалық ғажайыбын» тудырған оңтүстіккореялық үш алпауыттың негізін қалаушы тұлғалардың бірде бірі ел астанасы – Сеулде тумаған. Бірде бірінің жоғарғы білімі жоқ. Олар кедей, шаруа отбасында өскен.

Үш ұлы тұлғаның өмірбаяны Отанының тарихына ұқсас. Оңтүстік Корея да кедейшілікте өмір сүрді, бірақ рекордтық мерзімде аграрлық артта қалған елден дамыған, технологиялық мемлекетке айналып шыға келді.

«Біз бүгінде қызыға қарайтын, зәулім ғимараттары аспанға мойынсұнған, заманауи автомобильдер өндіретін, теміржолдарымен ұшқыр пойыздар жүйткіген, киноөнімдері мен К-попы бүкіл әлемге танылған Корея шынында таяуда ғана пайда болды. Ол қазіргі кезде көзі тірі кореялықтардың аға буынының көз алдында өсті. 1960-шы жылдары Оңтүстік Корея артта қалған аграрлық ел болатын. Ол жан басына шаққандағы табысы жөнінен Азияның барлық еліне, тіпті Шри-Ланкаға жол берді», – дейді Сеулдегі Кунмин университетінің профессоры, қос Корея туралы кітаптардың авторы, корейтанушы Андрей Ланьков.

Сонда бұл ел бұл тығырықтан қалай құтылған? Сарапшының айтуынша, мемлекет өз қолымен ұлттық олигархтарды өсірді. Олар қайыр-қайтарымы ретінде елді көтерді.

«Саяси қайраткерлердің бірі айтқандай, кез келген қателіктің фамилиясы бар. Сол сияқты кез келген табыстың да артында нақты адам тұр. Бұл кәрістің экономикалық ғажайыбына да қатысты: нақты тұлғалардың сіңірген еңбегі арқасында республика үшінші әлемнің дамуда кенже қалған қайыршы елінен өркендеген, бай, заманауи мемлекетке айналды. Бұл серпіннің қозғаушы күші – көп бейінді, сансалалы отбасылық концерндер болды, оларды «чэболь» деп атайды. Соның ішінде ең қуаттысы, ең маңыздысы – оңтүстіккореялық өнеркәсіптің үш алыбын құрушылар болды. Әңгіме Hyundai негізін қалаушы Чон Чу-ён, Samsung негізін қалаушы Ли Пён-чхол, Lotte негізін қалаушы Син Кёк-хо туралы», – деді корейтанушы ғалым.

«Таң самал елі» олигархтарының (чэбольдардың негізін қалаушылардың) бәрі дерлік 1910-1922 жылдары дүниеге келген. Олардың балалық және жасөспірім шағы Корея түбегі Жапонияның колониясы болған заманда өтті. «Күншығыс елі» жап-жақсы отар болды: өз кітабында ғалымның жазуынша, жапондар Кореяда өнеркәсіпті, зауыт-кәсіпорындарды белсенді тұрғызып, дамытты.

Алайда барлық жаңа кәсіпорындар елдің солтүстік бөлігінде тұрғызылған. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін, 1945 жылы ол өңірді Кеңес одағы басып алып, отарлап, Пхеньян қаласын астана етіп, «Корей халық демократиялық республикасы» атты квазиреспубликаны құрды.

Бұл жапондардан тәуелсіздік алған жас Корей республикасына жойқын соққы болды. Оның үстіне елде қалған бүкіл өнеркәсіп жапондық компаниялардың иелігінде еді. Кәрістің ұлттық капиталы негізінен жеңіл, тоқыма өнеркәсібімен, сауда, қызмет көрсету салаларымен шектелді.

Қазақстаннан айырмашылығы сол, Оңтүстік Кореяда жетекші чэбольдардың бірде бірін биліктегі немесе онымен әмпей-жәмпейі бір, іскерлік элитаның жоғарғы эшелонына кіретін тұлғалар құрмаған.

Отарлау заманынан бері шалқып байыған, қазына мен жер иеленуші элита өкілдерінің бірде бірі 1945 жылдан кейін әбжілдік пен пысықтық танытпады, елдің өркендеуіне серпін беретін жобаларға бастамашы болмады. Нәтижесінде, оларды жаңа бизнес элита жол жиегіне, кейінгі қатарларға ығыстырды. Кореяның алғашқы «бизнес маршалдарының» арасында кедей, шаруа отбасылардан шыққан адам көп.

Ли Пён-чхоль (Samsung негізін қалаушы) 1910 жылы туған, Жапонияда білім алған, бірақ Васэда Университетін бітірмей, орта жолда еліне қайтады. 1938 жылы Ли Пён-чхоль туған жері Тэгу қаласында кейін аты әлемге мәшһүр болған Samsung (삼성/三星) фирмасын ашты. Компанияның «Самсон» (ағылшын транскрипциясымен Самсунг деп ағат атап жүрміз) атауы ханмун тілінде (байырғы қытай тілінің корейше атауы) «үш жұлдыз» дегенді білдіреді. Бір қызығы, бастапқы кезде Samsung ұн, алма және кептірілген балық сатумен айналысқан.

Ал, 1915 жылы кедей отбасыда өмір есігін ашқан Чон Чу-ён (Hyundai негізін қалаушы) олигархтық өмірін ұрлықтан бастайды. Әкесінің сиырды сатудан тапқан, сол кезде қомақты саналған 80 вон сомасын жымқырып, бақытын табу үшін Сеулге тайып тұрады.

Содан болашақ автомобильдік магнат алдымен жүк түсіруші және басқа да қара жұмыстарды атқарады. Дегенмен, жұмыс берушіге қызмет етуді місе тұтпай, 1942 жылы төл бизнесін – автокөлік жөндейтін шеберханасын ашты. Ол оны Hyundai (현대/現代) атады. «Хёндэ» (Хьюндай деп қате айтып жүрміз) тағы да ханмун тілінде «қазіргі заман» дегенді білдіреді. Hyundai негізін қалаушысының бастауыш білімі ғана болған, оның да қолақпандай дипломы жоқ.

«Үш алыптың» бірі Син Кёк-хо (Lotte негізін қалаушы) 1922 жылы тақыр кедей шаруа отбасында туған. Зоотехник мамандығын игерген ол мал күтіміне өмірін сарп ету тағдырына қанағаттанбай, қырқыншы жылдары Жапонияға сапарлады. Сонда Васэда университетіне өз бетінше түсіп, өнеркәсіптік химия маманы болып шығады. Кореялық мигранттардың көпшілігі сияқты Син Кёк-хо атын жапоншаға өзгертіп, Сигэмицу Такэо атанды және жапондық аруға үйленді.

1947 жылы Ли Пён-чхоль билікке, яғни шешім қабылдау орталығына жақын болу үшін штаб-пәтерін Сеулге көшірді. Ол кезде тек Сеулде ғана ірі капитал айналатын. Келесі жылы Ли халықаралық саудамен айналыса бастады және бірінші миллион долларын да концерн жаһандық нарықтағы сауда-саттықтан тапты. Samsung халықаралық нарықта сұранысқа ие және мол табыс әкелетін кез келген тауарды – кептірілген кальмарды, метал сынықтарын, қант, тыңайтқыш және басқасын өткізді, жеткізді. Сөйтіп, 1960 жылы әртүрлі салаға маманданған 16 компаниядан тұратын Samsung – Оңтүстік Кореядағы аса ірі чэбольға айналып шыға келді.

1947 жылы Чон Чу-ён де Сеулде Hyundai Civil Industries компаниясын құрып, құрылыс жұмыстарын орындады. Оның ағасы ағылшын тілін жақсы білген, соның көмегімен Чон Чу-ён көл-көсір ақшаны аямай төлеген америкалық әскерилердің тапсырысына қол жеткізді. Осылайша, Hyundai Construction Кореядағы ең ірі құрылыс компаниясына айналды. Соғыс жылдары жарылған Индогё көпірін қайта тұрғызу сияқты ірі, ілкімді жобаларды абыроймен іске асыруы арқасында ол биліктің назарына ілігіп, мемлекеттік қолдауға қол жеткізді.

Дәл осы кезде Син Кёк-хо өз табысының тарихын соғыстан кейінгі Жапонияда қалады. Жатпай-тынбай еңбек етіп, жалықпай ізденетін дарынды химик жігіт техникалық майдан сабын жасау технологиясын ойлап тапты. Соғыс аяқталған соң мұндай майдың жапондық қоймалардағы қоры орасан зор болатын. Сабын арқасында Син Кёк-хо миллион долларын тапты. Осы қаражатын тамақ өнеркәсібіне инвестициялап, сағыздың, тәттілердің, шоколадтың өндірісін жолға қойды. Ол кезде Жапонияда Батыс әлемі сән болғандықтан, фирмасын да батысшалап, Lotte («Лотте») атады. Гёте романында перизат Лоттеге деген махаббаты үшін жас Вертер жанын қиғаны мәлім.

60-шы жылдары Син Кёк-хо (жапонша есімі Сигэмицу Такэо) Жапония нарығын тамақ өнімдерімен жаулап алып, тарихи Отанына назар аударды.

Бұл кезде Корея түбегіндегі соғыс және Батыс пен КСРО-ның елді екі жаруы онсыз да қаусап тұрған мемлекеттің экономикасына алапат соққы берген еді. 1961 жылдың көктемінде әскери төңкеріс нәтижесінде Сеулдегі билікке генерал Пак Чон-хи келді. Ол экономикалық дамытуды – Кореяның ең маңызды саяси міндеті деп жариялады.

Генералдың байламынша, жері табиғи ресурстардан жұрдай Оңтүстік Корея халықаралық нарыққа тек жоғары сапалы, бірақ арзан өнеркәсіптік өнім сатса ғана жетістікке жетеді. Сонымен бірге, Пак Чон-хи жаһандық нарықты тек ірі компаниялар ғана игере алады деп шешті. Әлемдік дәрежедегі алпауыт компаниялар Кореяда жоққа тән еді. Сондықтан республика лидері оларды қолдан жасауға ұйғарды.

Нәтижесінде, елдегі чэбольдардың негізін қалаушы бизнесмендер жаппай «олигархқа» айналды. Себебі, олардың бәрін генерал Пак Чон-хи шетелде және шетелдік инвесторлармен кездесуде әдейі «олигарх» деп атайтын болды.

Әділ басшы елдің қазынасы ғой, Пак Чон-хи ескі элитадағы байларды, өз айналасындағыларды емес, біліктілігі мен пысықтығын іс жүзінде дәлелдей алған компания басшыларын халықаралық нарыққа ілгерілетті, көтермеледі. Бұл саясаты өзін ақтап, ел ұтты.

Мемлекеттің, дипломатиялық өкілдіктердің жан-жақты қолдауымен дүниежүзілік нарыққа қол жеткізген Samsung, Hyundai, Lotte Оңтүстік Кореяның даңқын шығарды, елге инвестициялар арынды түрде тасқындады. Экономика қарқынды дамып, жаңа жұмыс орындары көптеп ашылып, халық байыды. Шетелдік ірі капиталмен бірге озық технологиялар пайда болды.

2023 жылғы жағдай бойынша Samsung Electronics Co. Ltd. нарықтық капитализациясы 395 миллиард 226 миллион долларға бағаланады.

Hyundai 97 миллиард доллар тұрады. Өзге кәсіпорындарын қоспағанда, Lotte-нің нарықтық капитализациясы 2,3 миллиард доллар болды.

Үш алпауыт Кореяға қонақүй, сауда, ойын-сауық секторынан бастап, жылжымайтын мүлік, тамақ, өңдеу, ауыр өнеркәсіптерін, электроника, мұнай химиясы, тіпті әскери техника өндірісін жолға қоюға жәрдемдесті.

Мысалы, 2024 жылғы наурызда бір ғана Hyundai Motor Group Оңтүстік Корея экономикасына 2026 жылға дейін 50,6 миллиард доллар инвестиция құятынын, жергілікті мамандарға 80 мың жаңа жұмыс орнын құратынын жариялады.

Корея лидері Пак Чон-хидің олигархтарды қолдан өсіру арқылы экономикалық ғажайып жасау саясаты өзін ақтады және күткендегіден де ғаламат нәтиже әкелді. «Таң самал елі» экономиканың өсу қарқыны бойынша бірнеше онжылдықтар бойы әлемдік рекордтарды ұстап тұрды және 1990-шы жылдарға қарай жаһандық дамыған өнеркәсіптік державаға айналды.

2014 жылы президент қазақстандық бес компанияны 2020 жылы «әлемдік ірі 500 компанияның» қатарына қосу міндетін қойған болатын. Он жыл өтсе де, ол жоспар орындалмады. Ендеше Қазақстан Оңтүстік Кореяның мол тәжірибесін тереңірек зерттеп, керектісін алса, жөн. Бизнесте «қарадан шығып хан болған» тұлғалар қазақ баласын да шабыттандырса, игі.

Жанат Ардақ

Оқылып жатыр

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Жаңалықтар 16 декабря, 2025

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында боран кезінде барлығы төрт адамның көз жұмғаны…

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.