• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Криптонарық: заңдағы жаңа түзету заңсыз айналымды күшейткелі тұр

Криптонарық: заңдағы жаңа түзету заңсыз айналымды күшейткелі тұр

25 сентября, 2025 Басты тақырып
Фото: freepik.com

Кеше Мәжілісте «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы және оған ілеспе заң жобалары екінші оқылымнан өтіп, Сенат қарауына жіберілді. Оның ішінде «Цифрлық активтер туралы» заңға түзету енгізілген. Ол түзетудің неге ЖИ туралы заңның ішіне кіріп кеткені түсініксіз. Бірақ, мәселенің мәйегі басқада. Бұған дейін майнерлер Қазақстанда өндірілген криптовалютаны отандық криптобиржалар арқылы сатуға міндетті болып келсе, енді түзету қабылданған жағдайда олар бұл міндеттен босатылады.

Жалпы қолданыстағы «Цифрлық активтер туралы» заң бойынша, осыған дейін 2024 жылы өндірілген көлемнің 50%-ы, 2025 жылы – 75%-ы, ал 2026 жылдан бастап 100%-ы осы жолмен жүзеге асырылуы тиіс деп бекітілген еді. Бұл норма қазақстандық криптобиржалардың қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, олардың өтімділігін арттыруға және жаһандық платформалармен бәсекелестік негізін қалауға мүмкіндік беретін. Ал қазір олардың үлесі небәрі 3% шамасында болғандықтан, майнерлер тарапынан да, клиенттік база тарапынан да өтімділіктен айрылу қаупі туып тұр.

Таңдау биржаға емес, майнерге түсіп тұр

Осы инициативаның басы-қасында жүрген Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляевадан пікірін сұраған едік. Депутаттың айтуынша, мұндай өзгеріс лицензия алған криптобиржаларға ешқандай кері әсерін тигізбейді, қара нарықтың ұлғайып кетуіне ықпал етпейді.

Фото: ҚР Парламенті Мәжілісі

«Басында «Цифрлық активтер туралы» заң бойынша, осы 50%, 75%, сосын 100% қазақстандық биржаларда сату міндеті біздің биржалардың дамуына қолдау болады деп ойлағанбыз. Алайда бүгінгі таңда олар кеңкөлемді қызмет түрлерін жасай алмады», – дейді ол.

Оның сөзінше, майнерлерді заңмен міндеттеу саланың инвестициялық тартымдылығын шектейді. Ал майнерлер бүгінде салығын төлеп отыр. Сондықтан, өздерінің өндіріп отырған өнімін кез келген кәсіпкер секілді қалаған жерде сатуға құқылы санайды.

Айта кетейік, майнерлерге өнімінің 50%, 75%, сосын 100% қазақстандық биржаларда сату міндетін тоқтату немесе алып тастау туралы 2024 жылдың 12 желтоқсанында алғаш сөз болғанда, қазақстандық криптобиржалар бірлесіп мұндай нормаға қарсы екендіктерін және қабылданған жағдайда нарыққа көптеген кері әсері болатынын айтып, АХҚО-ға хат жолдаған болатын. Өйткені, биржалар кірісінің бір бөлігін тап сол майнерлер беріп отырғанын айтқан еді.

Егер мұндай міндеттемені алып тастаса, заңсыз айналымның тым ұлғайып кететінін, республикалық бюджет орасан салық түсімінен айрылатынын, қара нарықтың ұлғаюы кесірінен капитал сыртқа кете бастайтынын, әсіресе, жемқорлық пен шетелге ақша жылыстату жайттары ушығып кетуі мүмкін екенін және тағы бірнеше жағымсыз әсері жайлы ескерткен.

Бірақ, Мәжіліс депутаты қазақстандық криптобиржалардың бірлескен осы мәлімдемесі жайлы бір ауыз сөз айтпады.

«Былай қарайық. Қазір бизнестің екі түрлі субъектін көріп тұрмыз, майнер мен биржа. Қолдау көрсету үшін қалайда біреуін таңдау керек. Қандай норма қабылдасақ та бәрібір біреуін ренжітеміз. Мейнер де биржа сияқты салық резиденті. Майнингке де бізде тыйым салынған, ол да лицензияланатын бизнес түрі. Айта кетерлігі, майнерлер жергілікті өкілдігін АХҚО-да емес, ұлттық юрисдикцияда ашады. Компаниясын тіркеп, лицензиясын алып, екі қайтара салық төлеп, үшіншіден қондырғысы үшін ҚҚС төлейді», – дейді депутат.

Сонымен бірге, Екатерина Смышляева егер заңдағы майнерлерге қатысты осы міндетті алып тастаса, онда майнерлер халықаралық сауда алаңдарына кетіп қалуы мүмкін екенін мойындайды. Соған қарамастан, неге екені белгісіз, заңсыз криптонарық ұлғайып кетпейтініне бек сенімді.

Жемқорлар үшін заңсыз активтерін заңдастырып алуға мүмкіндік туады

Криптобиржалардың былтырғы бірлескен мәлімдемесін ATAIX Eurasia криптобиржасы тағы бір мәрте қостап, қазіргі заңға енгізілуі мүмкін өзгеріске қатысты ұстанымын жариялады. Биржа мәлімдемесіне қарағанда, бұл міндетті талапты жою мәмілелердің трансұлттық компаниялардың платформаларында (Bybit, KuCoin, OKX және т.б.) шоғырлануына әкеледі. Бұл қазақстандық сауда алаңдарының нарықты реттеудегі және бақылаудағы рөлін төмендетеді. Оның үстіне, жаһандық биржалардың монополиясы ішкі инфрақұрылымды әлсіретіп, Қазақстанды сыртқы саясатқа тәуелді етеді және ұлттық мүддеміздің цифрлық экономикадағы ықпалын азайтады.

«Лицензияланған қазақстандық биржалар арқылы сату AML/KYC бақылауының жоғары деңгейін, қарсы тараптарды тексеруді және операциялардың ашықтығын қамтамасыз етеді. Бұл Қазақстанның халықаралық ПОД/ҚТ (қаржы қылмысына қарсы іс-қимыл) стандарттары бойынша міндеттемелеріне сәйкес келеді», – деп жазылған биржа хабарламасында.

Криптонарық сарапшысы Дәурен Қарашев жаңа түзетудің таағы бір кереғар салдары жайлы айтып берді. Оның сөзінше, түзету енгізуде негізгі аргументі ретінде майнингке инвестиция тарту туралы айтылып жүр. Алайда майнинг – ұзақмерзімді бизнес емес: жабдық орта есеппен үш жыл жұмыс істейді, содан кейін майнерлер қайтадан нарықта қалу немесе кету туралы шешім қабылдайды, яғни бюджетке түсетін кірістер уақытша сипатқа ие. Ал криптобиржалар, керісінше, 10-20 жыл және одан да көп уақыт бойы экономикаға пайда әкелетін ұзақмерзімді инфрақұрылым.

Фото: instagram

«Мынадай жағдайды қарастырып көрейік: майнер өндірген активтерді сату үшін жаһандық криптобиржаны қолданады. Ал оған үшінші тарап жүгінеді делік. Ол биткойнды майнинг нәтижесінде емес, мысалы, пара ретінде алған болуы мүмкін. Майнер бұл биткойнды шетелдік платформа арқылы сатып, кейін қаражатты екінші деңгейлі банкке шығарады. Егер отандық биржалар арқылы сатуды міндеттеу талабы алынып тасталса, мұндай аударымдар заңды деп саналатын болады, ал банктер оларды қабылдауға мәжбүр. Нәтижесінде майнинг операцияларының бүркеуімен қылмыстық активтерді заңдастыруға жол ашылады», – дейді сарапшы.

Ербол Тұрымбет,
BM.KZ

Екатерина Смышляева Заң криптобиржа майнер Мәжіліс Цифрлық активтер

Оқылып жатыр

2025 жылы 16,8 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Қазақстанда бүгін қай жолдар жабық

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

2025 жылы 16,8 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Басты тақырып 28 января, 2026

Астана. 28 қаңтар. BM.KZ – 2025 жылдың қорытындысы бойынша 16 805 этникалық қазақ тарихи отанымен…

Қазақстанда бүгін қай жолдар жабық

28 января, 2026

Рыбакина жартылай финалға өтті — Australian Open

28 января, 2026

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды

28 января, 2026

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

27 января, 2026

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

27 января, 2026

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

27 января, 2026

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

27 января, 2026

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

27 января, 2026

Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

27 января, 2026

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлеуі мүмкін

27 января, 2026

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

27 января, 2026

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

27 января, 2026

Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

27 января, 2026

Семейде ер адам полицейлердің екі көлігін өртеп жіберген

27 января, 2026

Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

27 января, 2026

Мемлекет басшысы: тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайды

26 января, 2026

Қазақстанда Нипах вирусына байланысты санитарлық бақылау күшейді

26 января, 2026

Алматыда дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ота жасады

26 января, 2026

Атырауда күкіртсутек мөлшері рұқсат етілген деңгейден 36 есе асып кетті

26 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.