• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Күдікті карталар мен электрондық әмияндар дерекқоры құрылады – ҚҰБ

Күдікті карталар мен электрондық әмияндар дерекқоры құрылады – ҚҰБ

28 августа, 2025 Басты тақырып
Фото: ҚҰБ

Астана. 28 тамыз. BM.KZ — Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы нарығындағы алаяқтық операцияларға қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге, Ұлттық Антифрод-орталықтың функционалын кеңейтуге, алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен азаматтарға қаражатты қайтару ісін жеңілдетуге бағытталған заңнамалық түзетулер қабылданғанын хабарлады.

ҰБ мәліметінше, енді алаяқтық белгісі бар транзакциялар бойынша бұғатталған қаражатты прокурордың санкциясымен тергеу органдарына хабарлау арқылы қайтаруға болады. Бұрын сот шешімі қажет болатын.

Бұдан басқа, Ұлттық Антифрод-орталықта заңсыз операцияларға тартылған күдікті төлем карталары мен электрондық әмияндардың дерекқоры құрылады.

Сонымен қатар, банктік шоты алаяқтық күдігіне байланысты бұғатталған тұлғалар үшін зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы немесе жалақы аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік төлемдер мен өзге де ақша аударымдарына қолжетімділік сақталады.

«Қаржы ұйымдары күдікті операцияларға сапалы талдау жүргізуі үшін алаяқтық белгісі бар транзакцияларды бұғаттау мерзімі 3 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін ұзартылды. Сондай-ақ, Қазақстанда «дропперлік» үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу, яғни банк картасының немесе шот деректерін алаяқтарға беру – маңызды заңнамалық норма саналады», деп жазылған Бас банк хабарламасында.

Бұдан басқа, Ұлттық Антифрод-орталық өз базасын Бас прокуратурамен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және мобильді операторлармен біріктіреді.

Антифрод-орталықты дамытудың келесі кезеңі банктік қосымшалардағы күдікті белсенділікті анықтайтын және банкаралық деңгейде күмәнді аударымдарды бұғаттайтын жасанды интеллект технологиясын енгізу болады.

Айта кетейік, Ұлттық банктің Антифрод-орталығы 2024 жылы іске қосылған еді. Қазір оған банктер, микроқаржы ұйымдары, телеком-операторлар мен мемлекеттік органдарды қоса алғанда 200-ден астам қатысушы қосылған. Онда 80 мыңнан астам оқиға тіркелген, соның нәтижесінде 3 млрд теңге бұғатталған.

алаяқ Антифрод дерекқор дроппер карта Ұлттық банк электронды әмиян

Оқылып жатыр

Павлодарда есірткіні супермаркет ұяшықтарына жасырып келген күдікті ұсталды

2025 жылы 16,8 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Қазақстанда бүгін қай жолдар жабық

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Павлодарда есірткіні супермаркет ұяшықтарына жасырып келген күдікті ұсталды

Басты тақырып 28 января, 2026

Астана. 28 қаңтар. BM.KZ – Павлодар қаласында есірткі таратумен айналысқан ер адам ұсталды. Есірткі қылмысына қарсы…

2025 жылы 16,8 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

28 января, 2026

Қазақстанда бүгін қай жолдар жабық

28 января, 2026

Рыбакина жартылай финалға өтті — Australian Open

28 января, 2026

Жамбыл облысында мерзімді әскери қызметтегі сарбаз көз жұмды

28 января, 2026

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

27 января, 2026

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

27 января, 2026

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

27 января, 2026

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

27 января, 2026

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

27 января, 2026

Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

27 января, 2026

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлеуі мүмкін

27 января, 2026

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

27 января, 2026

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

27 января, 2026

Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

27 января, 2026

Семейде ер адам полицейлердің екі көлігін өртеп жіберген

27 января, 2026

Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

27 января, 2026

Мемлекет басшысы: тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайды

26 января, 2026

Қазақстанда Нипах вирусына байланысты санитарлық бақылау күшейді

26 января, 2026

Алматыда дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ота жасады

26 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.