Күн + 41 градусқа дейін ысиды
18-20 маусымға арналған ауа райы болжамы
Атмосфералық фронттардың өтуімен таяу күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел тұрады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ жауады.
Жаңбыр 18 маусымда шығыста, орталықта, 19 маусымда оңтүстік-шығыста болады деп күтілуде. Тек оңтүстікте және 19-20 маусымда орталықта ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады.