Лена жарайсың!
Майамиде (АҚШ) теннистен WTA 1000 турнирі өтіп жатыр. Қазақстан спортшысы Елена Рыбакина әзірге сүрінбей келеді. Үшінші кезеңде Тейлор Таунсендпен (АҚШ) ракетка түйістірген отандасымыз үш сетте (6:3, 6:7, 6:4) есебімен жеңіске жетті. 1/8 финалда Рыбакина енді Мэдисон Кизбен (АҚШ) ширек финал жолдамасын сарапқа салады.