«Мәселе тек қомақты ақшамен шешіледі»: Халық пен кәсіпкерлердің Көлсайдағы дауы неге тығырыққа тіреліп тұр Алматы облысы Көлсай көліндегі мәселе бойынша жергілікті халық пен кәсіпкерлер өзара келісе алмай, даудың түйіні шешілмей тұр. Бір қарасаң, екі тараптың да аргументінің салмағы бар. Бірі көл мен жердің, экологияның ахуалын алға тартса, екіншісі мемлекет билігі жиі айта беретін туризмнің тізгінін ұстағандар. Бұл дауға не себеп болды? Әрі оны реттеудің неге жолы табылмай тұр? Жергілікті халықты кәсіпкерлермен тірестіріп қойған биліктегі кімдер? Qaz365.kz тілшісі осы мәселеге үңіліп көрді. Халық неге наразы? Саты ауылының тұрғындары «Көлсайдағы қонақ үйлерде кәріз жүйесі жоқ, су жерге ағып жатыр» деп дабыл қағады. Олардың сөзінше, ұлттық парк аумағындағы шұрайлы жерлер жекенің қолына өтіп, кәсіпкерлер жаппай қонақүй мен дәмхана тұрғызған. Таулы аймақтағы демалыс орындарында кәріз жүйесі жоқ. Қонақ үйден далаға арнайы тартылған құбырға қарағанда, кәріз суы бірінші рет емес, ұзақ уақыттан бері тоқтаусыз ағып жатқан көрінеді. Саты ауылының өре түрегелуіне түрткі болған да осы мәселе.
Трендте
- Қазақстан 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді
- Енді таксилерге тағы бір міндет жүктелмек
- Қазақстан халқының орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты
- Қазақстандағы ең ұзын көпір ашылды
- Қостанай атауының өзгерді ме?
- Солтүстік Корея жауынгерлері Украинамен соғысуға аттанып жатқаны рас па?
- Талғарда күдікті изолятордан қашып кетті
- Қорғаныс министрлігі грантқа ие болған сарбаздардың тізімін жариялады