• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Мәжіліс депутаттары зиялы қауымға үндеу жолдады

Мәжіліс депутаттары зиялы қауымға үндеу жолдады

26 марта, 2024 Қоғам
????????????????????????????????????

 

 

Қазақстан республикасы Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаттары Атырауда өткен үшінші ұлттық құрылтайдан соң Мәжіліс қабырғасында Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдады. Президент Ұлттық құрылтайда: «Ең алдымен, халықтың береке-бірлігін сақтау елдігіміз үшін аса маңызды. Бұл туралы үнемі айтып жүргенімді білесіздер. Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды. ештеңеден құр қалмайды. Бұл істе зиялы қауым айрықша рөл атқарады. Әсіресе, елге сөзі өтетін аға буынның орны бөлек. Олар – қазақтың қаймағы, ұлттың мақтанышы. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Яғни, алдымен ел ағаларының арасында ауызбіршілік болуы керек. Олар ұрпаққа өнеге болатын кесек әңгіме айтуы қажет. Жазушылар Одағының төрағасы, Ұлттық құрылтайдың мүшесі Мереке Құлкенов жақында осы мәселе туралы орынды пікір білдірді. Халқымыздың көрнекті тұлғалары бірін-бірі мойындап, өзара құрмет көрсете білсе, ұлтымыз ұйыса түседі» деп айтты.  Осыған байланысты, Мәжілістің бір топ депутаты қол қойған үндеу жарияланды. Үндеуді мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан оқыды.

Сонымен Үндеуде не айтылды?

« Атырауда өткен Құрылтайдан кейін арнайы еліміздегі зиялы қауым өкілдеріне байланысты Үндеу жолдауға шешім қабылдадық.

Ұлт болып ұйысу, жұрт болып жұмылу жолында зиялы қауым өкілдерінің атқарар рөлі бөлек. Күні кеше Атырауда өткен Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа ұйысқан ұлт ешқашан ұтылмайды. Елдің тұтастығы зиялы қауымның бірлігінен басталады. Ел ағалары ауызбіршілікті және ұрпаққа өнегелі болуы керек», — деп Ұлт Зиялыларына өз қайырылуын жасады. Сол Құрылтай төрінде бізді қоғамымызда айрықша орны бар, сөз бастаса халықты ұйытар шешен, көш бастаса елді ертер көсем, руханият әлеміндегі әйгілі тұлғалардың бүгінгі кескін- келбеті мен жауапкершілігі қатты ойландырды. Осы орайда «Қазақ оқығанын сыйлайды, соңынан ереді. Қазақты тура жолға бастайтыны да, адастыратыны да оқығаны» деген Жүсіпбек Аймауытовтың сөзі ойға оралады. Қай дәуірде де, қандай тарихи кезеңде де қоғамның негізгі қозғаушы күші – ЗИЯЛЫЛАР!

Расында, Майқы бидің «Бетеге кетсе – бел қалар, бектер кетсе – ел қалар, бірлігің кетсе – нең қалар» деген нақылы дәл бүгінгі таңда тіпті өміршең болып тұр.

Кешегі Алтын Орда мен бүгінгі Ақ Ордаға дейін Қазақ Елінің жүріп өткен күнгей-теріскейлі тарихында қара халыққа жарық сыйлап, жол нұсқаған, үмітін үкілеп, жігер берген Тұлғалар аз емес.

Ал, есімі елге мәшһүр бүгінгі кейбір тұлғаларымыз, Ақсақалдарымыз, тарихшыларымыз, жазушыларымыз ай-күннің аманында болары болып, бояуы сіңген түрлі оқиғалар туралы айтысып, тартысып, Алаш көсемдері мен кеңес қайраткерлерін қағыстырып, қыл аяғы Шыңғыс ханның тегіне таласып өспейтін елдің баласындай өнбейтін дауды қуып, «өлетұғын тай үшін, көшетұғын сай үшін» бірінің қолы бірінің жағасында жүрген жағдайларды ақпарат құралдары мен әдеуметтік желілерде аз көріп жүрген жоқпыз. Президент соны меңзесе керек.

Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановты, Сәкен Сейфуллин мен Алашорданы, Мағжан Жұмабаев пен Сәбит Мұқановты, Дінмұхамед Қонаев пен Жұмабек Тәшеновті бір-біріне қарсы қойып, елдің ішін алатайдай бүлдіріп, бөліп-жару кімге қажет? Олардың бағы мен сорын, бары мен жоғын жарыстырғаннан бүгінгі ұрпаққа қандай үлгі? Қандай өнеге?..

Әр Тұлғаның өз биігі бар. Бір Тұлғаны көтеру арқылы екінші Тұлғаға көлеңке түсірудің түкке керегі жоқ.

Баррикаданың қай қапталында болса да Қазақ Елінің Тәуелсіздігі жолында бармағы шайнауда, басы айдауда кеткен Тұлғалардың бәрі өз алдына бір-бір АСҚАР ТАУ! Әрқайсының өз тағдыры бар. Өз сүйініші, өз күйініші болды. Олардың күрес түрлері әртүрлі болғанмен, түпкі мақсат бір еді. Бәрі Ұлттық мұраттар жолында, ҚАЗАҚТЫҢ ХАҚЫ үшін күресте өмірлерін сарп етті. «Басына ас құйып, сабына қарауыл қойған» заманда ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылуды көкседі олар.

Бүгін Тұлғаларды жарыстыратын, алыстыратын заман емес, Ұлттық Мұраттарды табыстыратын, заман!

Осы орайда, марқұм Несіпбек Айтұлы ағамыздың:

—  Ағалар-ай!

Барында аз ғұмырды бағаламай, Абайсыз адаспаңдар бір-біріңнен, Жарықта жайнап тұрған самаладай. Болғанда халық – теңіз шалқып жатқан, Өздерің шырылдайтын шағаладай.

Ауылын пенделіктің жағаламай, Басына бір төбенің жиналсаңшы, Андыздап, әр бұтаны сағаламай. Өздерің қонақтайтын бәйтеректің, Тамырын балталамай, араламай.

Шоқыға шықсаңдаршы хан көтеріп, Тартысып бір-біріңді табаламай!

Қайран, Ағалар-ай… — деген өлең жолдары еріксіз еске оралады… Президенттің Атырау алабында айтқан «Елімізде көзі ашық, көкірегі ояу,

білімді жастар көп! Олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіруіміз қажет. Мен зиялы қауым өкілдерінің бір-біріне әрдайым тілектес болғанын қалаймын. Өзара жанашыр болу – елге жанашыр болу деген сөз. Ұсақ-түйек әңгімені қойып, Қазақты бөліп-жармай, жалпыұлттық деңгейде ойлауға ұмтылайық!» деген жүрекжарды тілегін байтақ Қазақ даласындағы көш бастаған ел Ағалары Ұран секілді қабылдаса деген ниетімді жеткізгім келеді» делінген.

Расында еліміздің береке, бірлігін арттыратын зиялы қауым өкілдерінің елдік істерге бас қатырмай, атақ, даңқ қуып, әрнәрсені сөз етіп, ұсақталып кеткенін көріп жүрміз. Бірінің шығармасын бірі жамандап, өткен ұлыларды қозғап, өскелең ұрпаққа өздерің ғана жақсы жағынан көрсеткісі келетін әрекеттері байқалып қалып оытрғандығы хақ. Президент осыны менңзесе керек. Ендеше ұлттың болашағы һәм еліміздің тұрақтылығын сақтайық деген ұлтжанды азаматтардың үндеуі, зиялы қауымның құлағына жетер деген үміттеміз.

 

Асылбек Байжұмаұлы

 

Оқылып жатыр

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

Дәрігерді соққыға жыққандарға жаза күшейтілді — Мәжіліс

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі

Жаңалықтар 17 декабря, 2025

Астана. 17 желтоқсан. BM.KZ — Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды туризмді дамытуға туристерге арналған инфрақұрылымның…

Ұлыбританиялық акционер Air Astana-дағы үлесін сатпақ

17 декабря, 2025

Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адам көз жұмды

17 декабря, 2025

Дәрігерді соққыға жыққандарға жаза күшейтілді — Мәжіліс

17 декабря, 2025

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

17 декабря, 2025

Жеке меншік мектептер дауы: 60 орындық мектепке 600 оқушының ақшасы бөлініп келген

17 декабря, 2025

11 айда экономика өсімі 6,4 пайыз болды – Серік Жұманғарин

17 декабря, 2025

Қазақтың бұлбұлы Бибігүл Төлегенова 96 жасқа толды

17 декабря, 2025

ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Автомобилисттен» басым түсті

17 декабря, 2025

Режиссер Роб Райнер мен әйелінің өлімі: ортаншы ұлы күдікке ілінді

17 декабря, 2025

Әуеде Air Astana ұшағының салонында өрт шықты

17 декабря, 2025

Италия тауларында мыңдаған динозавр ізі табылды

17 декабря, 2025

​Атырауда қайтқан адамның сүйегі пәтерде үш апта жатып қалған

17 декабря, 2025

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

16 декабря, 2025

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.