Әлі күнге дейін табылмаған Айдос Шәймерденнің әпкесінің айтуынша, үкімет құтқарушының 12 жастағы ерекше күтімді қажет ететін қызына 10, екі жастағы баласына 10 миллион теңге өтемақы төленеді деп уәде берген. Басқа құтқарушылардың отбасы материалдық өтемақы алып қойған. Ал оның отбасына ақшалай көмек әлі көрсетілмеген.
Ал индустрия және құрылыс министрлігі бұл мәселе, тікелей министрліктің құзыретіне жатпайтынын жеткізді.
Бұған дейін, қаңтарда Майқайыңалтын кеніші маңында құтқарушылар мінген автобус шұңқырға түсіп кеткен еді