️Оқиға Мұнайлы ауданында болған. Зардап шеккен 24 жастағы әйел жедел облыстық ауруханаға жеткізілді. Ол жүкті болған. Дәрігерлер оған шұғыл ота жасаған. Қазір науқас жансақтау бөлімінде жатыр.
Полиция департаменті жұбайына пышақ салу дерегі бойынша күдіктіні уақытша тергеу изоляторына қамауға алды. Қазір оған қарсы «кісі өлтіруге оқталу» дерегімен қылмыстық іс қозғалды.