Алматы. 5 қыркүйек. BM.KZ – Алматы қаласында «Манхэттен» тұрғын үй кешенінде екі айға созылған кешенді тексеру барысында 1000-ға жуық құқықбұзушылық дерегі анықталды.
Іс-шара Алматы қаласы прокуратурасының бастамасымен, өкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен ұйымдастырылды.
Тексеру барысында бұл тұрғын үй кешенінде қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде бұзу фактілері тіркелген. Рейд кезінде әр пәтер бойынша деректер базасы жасақталды. Онда меншік иелерінің жұмыс орны, байланыс мәліметтері, тіркелген қару-жарақтар, бұрынғы құқықбұзушылықтары, сонымен қатар тұрғын үйді жалға беру туралы ақпараттар қамтылған.
«Тексеру 1000-ға жуық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік берді. Олардың ішінде көші-қон заңнамасын бұзудың 120 фактісі, қоғамдық тәртіпті бұзудың 98 фактісі, заңсыз жалға алудың 114 факті, жыныстық қызмет көрсету үшін пайдаланылған 22 пәтер, жол қозғалысы ережелерін бұзудың 567фактісі, алкоголь өнімін заңсыз сатудың 7 фактісі анықталды»,-деп жазылған мәлімдемеде.
Аталған тексеру нәтижесінде құқық қорғау және қадағалау органдары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті күшейту және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бағытында нақты шаралар қабылдауда.
