Ұялы телефон мен смартфондар оқушылардың біліміне қаншалықты әсер етеді? Мәселен, Грекияда мектепте ұялы телефон пайдалануға тыйым салынуда, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Елдің премьер-министрі білім министрімен кездесуден соң жаңа ережені бұқараға жария етті. 11 қыркүйекте, яғни сабақ басталған күннен оқушылар ұялы телефондарын сөмкелерінде ұстауы тиіс. Мектеп қабырғасында телефонды пайдаланғандар бір күн сабақтан шеттетіледі. Ережені бірнеше рет бұзса, бірнеше күн мектепке кіргізілмейді. Сыныптастары мен мұғалімдерді рұқсатсыз бейнетаспаға түсіргендер білім ордасынан қуылады. Биліктегілер осы арқылы кибербуллингпен күресті күшейтпек.
«Ұялы телефонды сабақ кезінде пайдалану оқу процесіне кері әсер ететіні, баланың көңілі басқаға ауып кететіні ғылыми дәлелденген. Сондықтан мектепте телефон қажет емес» дейді Грекияның премьер-министрі Кириакос Мицотакис.