• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Мектептегі ең сорлы пән – қазақ тілі»: Ғани Бейсембаев қазақ тіліне немқұрайлы қарап отыр ма

«Мектептегі ең сорлы пән – қазақ тілі»: Ғани Бейсембаев қазақ тіліне немқұрайлы қарап отыр ма

17 мая, 2024 Жаңалықтар

Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Бижомарт Қапалбек мектептердегі қазақ тілі пәнінің бағдарламасын сынады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ол орта мектептердегі қазақ тілі пәнінің мүшкіл жағдайына алаңдап, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа екі жыл қатарынан хат жолдаса да, еш жауап алмағанын айтады.

«Мектептегі қазақ тілі пәні – нағыз функционалды сауаттылыққа үйрететін пән. Бірақ солай бола тұра, мектептегі ең сорлы пән қазақ тілі: оның мақсаты дұрыс қойылмаған; бағдарламасы быт-шыт; ең бастысы, пәнді білудің заңдылық негізі мүлдем жоқ, ешбір жерде белгіленбеген. Мектептегі керек пәнді, жалпыға тегіс керек пәнді дәл осылай сүмірейту дұрыс емес», — дейді ғалым.

Бижомарт Қапалбек жылдан-жылда өзгеріп жатқан қазақ тілін оқытуды мектеп бағдарламасындағы кемшіліктерді тізіп, бір топ ғалыммен зерттеу де жүргізген. Соның нәтижесінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа 2023, 2024 жылдары екі рет хат жолдаған. Мәселені түсіндіріп, ұсынысын қоса жазған хатқа министр еш реакция білдірмеген.

«Біз бұл бойынша да жоғарыға хат жаздық. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді деңгейлеп оқытудың жүйесі» жоба аясында зерттеп жатырмыз. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде балабақшада, бастауыш, орта және жоғарғы мектепте оқытудың біртұтас жүйесі жасалуы керек. Оқытып жатырмыз, сағат та бөлінген, бірақ нәтиже жоқ. Әр деңгейді оқытудың мақсаты белгіленіп, деңгейлік бағдарламасы әзірленуі тиіс, құқықтық талаптары белгіленуі керек. Жоба барысында Қазақстан Республикасында қазақ тілін оқытудың қолданыстағы жүйесін талдау, әр деңгейге арнап жасалған бағдарламаларды сараптау, қазақ тілі оқытушыларына арналған нұсқаулықтар мен әдістемелік құралдар әзірлеп шығару, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде білуді анықтаудың деңгейлік тесттік жүйесін жасап, мемлекеттік тілді білудің құқықтық талаптарын әзірлеп, ұсынуды мақсат етіп отырмыз. Әзірге қолдан келері сол», — дейді Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры Бижомарт Қапалбек.

Ол алдағы уақытта зерттеудің нәтижелерін қоғамға жариялап отыратынын айтты.

Еске салсақ, 14 мамыр күні Мемлекеттік тілді дамыту институтында «Қазақ мектептері мен педагогикалық колледждерде мемлекеттік тілді оқыту мәселесі» атты семинар-кеңес өткен болатын. Мемлекеттік тілді дамыту туралы іс-шараға ғалымдар, мұғалімдер, тіл зерттеушілері, журналистер қатысты.

Оқылып жатыр

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

БҚО-да тағы бір ер адамның денесі табылды

Жаңалықтар 16 декабря, 2025

Астана. 16 желтоқсан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында боран кезінде барлығы төрт адамның көз жұмғаны…

Тәуелсіздік күніне орай Алматыдағы телемұнара жаңа реңке боялды

16 декабря, 2025

Forbes: Маск 600 миллиард доллар байлығы бар бірінші адам болды

16 декабря, 2025

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

16 декабря, 2025

БҚО-да боранда жоғалып кеткен үш адамның денесі табылды

15 декабря, 2025

Жәнібек Әлімханұлының допинг ісіне қатысты маңызды жаңалық айтылды

15 декабря, 2025

Олимпиада жүлдегері Дәулет Шабанбай үш жылға бас бостандығынан айырылды

15 декабря, 2025

Таразда смарт-технологиялар шығаратын зауыт салынады

15 декабря, 2025

Дмитрий Огай «Шахтер» футбол клубын жаттықтырады

15 декабря, 2025

Ақмола облысында 640 келі балық аулаған браконьерлер сотталды

15 декабря, 2025

Шымкентте 12 жеке сот орындаушысы лицензиясынан айырылды

15 декабря, 2025

БҚО-да боранды күні адасып кеткен екі адам табылмай жатыр

15 декабря, 2025

«S-Group» қаржы пирамидасы 136 млн теңгеден астам залал келтірді

15 декабря, 2025

Айбек Смадияров жаңа қызметке тағайындалды

15 декабря, 2025

Колумбияда мектеп автобусының апатынан 17 оқушы қаза тауып, 20-сы жарақат алды

15 декабря, 2025

Түркістан облысында 260 тонна мақта жанып кетті

15 декабря, 2025

Қазақстандық жасөспірімдер V Азия Пара ойындарында 68 медаль жеңіп алды

15 декабря, 2025

БҚО-да үш қабатты жатақхананың шатыры ұшты: тұрғындар көшірілді ме

15 декабря, 2025

Атыраудағы дүлей дауыл тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, электр желілерін қиратты

14 декабря, 2025

Алматыда гашиш сақтаған күдікті қамауға алынды

14 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.