Астана. 24 қараша. BM.KZ — Қазақстандық боксшы, еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануына қатысты пікір білдірді.
Головкин World Boxing сияқты ұйымды басқару үлкен жауапкершілік әрі үлкен мәртебе екенін атап өтті.
Сондай-ақ ол әлемнің түкпір-түкпірінен келіп жатқан құттықтауларға, отандастарына алғыс айтып, әрбір жылы лебіз ерекше ыстық екенін жеткізді. ⠀
«Менің әуесқой рингтен басталған жолым, Олимпиада ойындарына, әлем чемпионы атануыма, кәсіпқой мансапта табысқа жетуіме жол ашты. Туған еліме және барлық қазақстандыққа көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамын. Мен жаңа кезеңге қадам басып, бокстың болашағы үшін қызмет етуге бел будым», — деп жазды боксшы Instagram-дағы парақшасында. ⠀
Головкиннің айтуынша, енді алда тұрған басты мақсат – осы спорт түріне деген сенімді қайтару және оның Олимпиадалық бағдарламадағы «орнының» нық сақталуын қамтамасыз ету. ⠀
«Біз тәуелсіз әрі Олимпиадалық құндылықтарға адал боламыз», — деді ол.
