• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Мешітте охранник болудан шаршадым»: Бұрынғы молда имамдық қызмет туралы айтты

«Мешітте охранник болудан шаршадым»: Бұрынғы молда имамдық қызмет туралы айтты

20 августа, 2024 Басты тақырып

Наиб имам Қанат Талғатұлы мешітте қанша айлық алғанын және діни қызметтің жүйесін айтып берді, деп жазады баймедиа.кз сайты stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Әуелі, мешіттің жүйесін айтып өтейік. Мешітте жәшік болады. Елдің бәрі жұма намазға, Құрбан айт немесе басқа діни жоралғылар жасаған кезде жәшікке ақша тастап отырады. Сол тастаған ақшадан, ең бірінші, мешіттің су мен жарығына, жылу мен керек-жарақтарына өтеледі. Бұдан кейін ол жерде қанша қызметкер болса, марзымайтын 50-60 мың теңге көлемінде қаржы беріледі. Менің соңғы жұмыс істеген мешітімде айына 40 мың теңге шығатын. Бұл қаржы мешіттің ешнәрсесіне жетпейтін. Мысалы, 25 пен 30 мың теңгені жарыққа төлейтін едім. Қалған соманы халық шақыратын құдайы тамақ, жаназа секілді жерлерден алатынбыз. Осы нәрседен күн көрдік. Былайша айтқанда, жұмыс істедім, құдайы тамаққа бардым, қызмет еттім дегеннің өзінде 100 мың теңгеден аспайтын. Бұған күн көру мүмкін емес. Себебі бала-шаға өсіп келе жатыр, олардың балабақшасы бар. Пәтерақыны да төлеуге жетпейтін еді. Содан кейін амалсыздан имамдық қызметтен кетіп, қазір жиһаз саласында ұста болып жұмыс істеп жүрмін. Бұрын 100 мың теңге көлемінде айлық алсам, бүгінде 400 мың мен 500 мың теңге аралағында нәпақамызды тауып жатырмыз», – деп ағынан жарылды Қанат Талғатұлы.

Қанат Талғатұлы бұрын имам болып қызмет етіп жүрген кезінде діни жоралғыларға жас молдалардан гөрі бұл салада 30-40 жыл тәжірибесі бар, ел-жұрт танитындарды көбірек шақырып тұратынын атап өтті.

«Ешқандай танысы жоқ, жас маман болып келген имамдарды, әрине, шақырады. Алайда көп жағдайда тамырын тереңге жайған, 30-40 жылдық тәжірибесі бар мамандарды жиі шақырады. Мұндай имамдардың табысы да көбірек болады. 21 жасымда имамдық қызметке тағайындалып, 10 жылдай жұмыс істедім. Сол уақыт аралығында халықтан мұндай сома беріңіз деп сұраған емеспіз. Кез келген адам шақырады. Түнде хабарласқанына қарамай барған кездер де болды. Кейбіреуі жоралғыларға ризашылық айтып беріп жатса, енді бірінде, тіпті, бермейтін. Оларға ешқандай сөз айта алмайсың. Өйткені сенің қызметің діни қызмет болғандықтан, ақы талап ете алмайсың», – деді бұрынғы имам.

Бұдан бөлек ол діни жоралғыларды атқарған кезде қанша теңге алғанын айтып берді.

«Бір күні мың теңге, келесіде 2 мың теңге тапқан кездер бар. Бұдан қалды айлап, апталап ақша таппаған сәттерде әрең күнелтетінбіз. Әсіресе, карантинде және одан кейінгі уақытта табыс көзі азайып кетті. Жаназадағы «Хатым Құраннан» 5 000, 10 000, 15 000 теңге, әрі кетсе 20 000 теңгеден артық алған емеспін. Дем салуға 2 000 теңге беретін. 140 теңге бергендер бар. Мұндай кезде бақсы-балгерлер адамға 7 тасты оқытып, дем салдырып кел деп жібереді. Әркім өзінің шама-шарқына қарай ақша беретін», – деді Қанат Талғатұлы.

Қанат Талғатұлы Шымкент, Тараз және Алматы облысы секілді аймақтарды имам қызметін атқарған.

Ол барлық мешітте садақадан жиналатын жәшіктегі ақшаның 30%-ы мүфтиятқа (ҚМДБ) табысталатын айтты.

Алайда жиналған қаржыдан имамдардың қосымша оқуларына қаражат бөлінбейді және киетін шапан пен сәлдені алуға өз қалтасынан шығарытын көрінеді. Сонымен қатар жұмыстан кетудегі басты себебін атады.

«Негізі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы барлық ақшаны жинап, елдегі барлық имамдарға айлық ретінде бөліп беруі керек. Мысалы, арнайы жұмыс киімі деген болады. Қазір жиһаз цехында жұмыс істегендіктен, бұл жерде маған арнайы форманы өздері берді. Тіпті, мүфтият киетін шапан мен сәлдені алып бермейтін. Біз мүфтиятқа жәшіктің 30%-ын өткізетінбіз. Оқуға шақырады… Имамдардың оқу курсы бар, оған да төлеп кіресің. Бұдан бөлек жұмыстан кетуіме ішкі күйзеліс, қақтығыстар себеп болды. Себебі сені үйде бала-шағаң қашан табыс алып келеді деп күтіп отырады. Мешітте «охранник» болып шаршадым. Тәулік бойына мешіттесің, бес уақыт намазды дәл сол мезетте күтіп, оқып отыруың керек. Көптің алдында уағыз айтып отыру ауырға соқты. Кейде таң намазына сағат 03:30-да барып, келесі күні түнгі 23:00-де үйге барған сәттер де болды. Мұндай кезде қатты қиналып кететінмін. Ал қалада оңайырақ. Мұнда 5-6 имам ауысып отырады», – деп қынжылды бұрынғы имам.

Оқылып жатыр

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Басты тақырып 5 декабря, 2025

Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Тыңдау қорытындысы Алматы облысы мәслихатының қарауына жіберіледі, деп хабарлайды Атом…

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

5 декабря, 2025

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

5 декабря, 2025

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

5 декабря, 2025

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

5 декабря, 2025

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

5 декабря, 2025

46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

5 декабря, 2025

Мэттью Перридің өлімі: актердің дәрігері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

5 декабря, 2025

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

5 декабря, 2025

БҚО-да кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

5 декабря, 2025

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

5 декабря, 2025

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

4 декабря, 2025

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

4 декабря, 2025

Алматыда жер сілкінді

4 декабря, 2025

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейді

4 декабря, 2025

Жезқазғанның су инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді — Үкімет

4 декабря, 2025

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізбеуге шақыратын ескерткіш орнатылды

4 декабря, 2025

Ақтөбеде авиазауыттың экс-басшысы 110 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

4 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.