Астана. 12 ақпан. BM.KZ — Алматыда ақша жымқырып, сотталған экс-ректор Дамир Шыныбеков бостандыққа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚАЖК мәліметінше, экс-ректорға заңда белгіленген тәртіппен рақымшылық жасалды, нәтижесінде жаза мерзімі қысқартылды. Қайта есептелген мерзімді ескере отырып, сотталған адам сот тағайындаған жазаны толық өтеп, заңды негізде босатылды.
— Материалдарды қарау, мерзімдерді қайта есептеу және сотталғандарға қатысты шешімдер қабылдау соттың құзыретіне жатады және міндетті түрде орындалуға жатады. Заңнаманың талаптарына сәйкес сотталған адамның жеке ісіндегі мәліметтер жария етуге жатпайды, – дейді ҚАЖК өкілдері.
