• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Миллиардтап табады, беретіні тиын-тебен: елдегі Meta жарнамасының не астары бар

Миллиардтап табады, беретіні тиын-тебен: елдегі Meta жарнамасының не астары бар

29 сентября, 2025 Басты тақырып
Фото: noyb.eu

Ұлыбританияда Meta Facebook пен Instagram қолданушыларына айына £2,99–3,99 (≈ 1 800-2 400 теңге) төлеп, жарнамадан құтылуды ұсынды. Осылайша жаңа табыс табу жолын ойлап тапты.

Әдетте лента құны ақылы жарнамаға «толып кетеді», яғни, сіз жарнаманың астында қаласыз. Оны бизнес төлеп жатыр. Сосын барып, дәл сол жарнаманы көргіңіз келмесе – ай сайын ақша төлеп құтылуыңызға болады. Қазақстаннан Meta-ның қанша табыс табатыны және сол табыстың қанша бөлігі біздің бюджетке түсетіні кім-кімге де қызық. BM.KZ редакциясы осы сауал төңірегінде өз зерттеуін жүргізді.

Тегін қызмет болмайды

Көпшілік Facebook пен Instagram-ды тегін деп ойлайды. Бірақ іс жүзінде кез келген әлеуметтік желіні қолданған сайын сіз уақытыңызбен, назарыңызбен және жеке деректеріңізбен «төлем жасайсыз».

Әрбір қойылған лайк, іздеу немесе хат жолдауыңыз сіздің жарнамалық профиліңіздің бөлшегіне айналады. Осы әрекеттер негізінде алдыңыздан қызығушылығыңызға сай жарнама шығады. Сондықтан кейде Instagram «ойыңызды оқып отырғандай» әсер қалдырады. Ол сіз туралы тым көп ақпарат біледі.

Ұлыбританияда Meta жаңа жүйе енгізді: енді Facebook пен Instagram қолданушыларының екі-ақ жолы бар. Біріншісі – әдеттегідей тегін пайдалану, бірақ жеке деректерің мен онлайн мінез-құлқың жарнамаға төлем ретінде жүреді. Екіншісі – айына шамамен 1 800–2 400 теңге төлеп, жарнамасыз, «таза» лентаны көру.

Бұл қадамды Meta өз еркімен жасаған жоқ. Оны жергілікті заңдар мәжбүрледі. Ұлыбританиядағы дербес деректерді қорғау туралы заң (UK Data Protection Act) бар, ол Еуропаның ортақ ережелеріне сүйенеді. Сол заңға сәйкес, әрбір қолданушыда нақты таңдау болуға тиіс.

Қазақстандағы ахуал

Қазақстанда премиум-жазылым жүйесі әзірге тек YouTube-та ғана бар. Ал Facebook пен Instagram-да әлі ондай балама жоқ. Демек, Meta-ның біздің елдегі басты табыс көзі — жарнама.

DataReportal деректеріне сәйкес, 2025 жылы Қазақстанда Instagram-ның 12,4 млн-ға жуық қолданушысы бар. Елдегі интернет-жарнама нарығы шамамен 160 млрд теңге (≈ $350 млн) деп бағаланады. Оның жартысына жуығы әлеуметтік желілер үлесінде, ал негізгі бөлігі Meta компаниясына тиесілі.

Яғни Қазақстандағы шағын бизнес әрбір жарнамаға бөлген қаржысының бір бөлігін тікелей шетелдік корпорацияның қалтасына құяды. Бірақ бір сұрақ бар: ол қаржы нақты қайда түседі?

Әлемдік тәжірибеде цифрлық алпауыттардың ақшасы көбіне салықтан қашуға қолайлы елдерге, мысалы Ирландияға аударылады. Онда ірі технологиялық компанияларға арнайы жағдай жасалған – табысын шоғырландырып, салығын барынша аз төлеуге мүмкіндік бар. Бірақ қазір мұндай схемаларға қатаң шектеу қойылып жатыр. Ең атышулы жағдайдың бірі – Facebook дауы: The Guardian дерегінше, компания 2010-2018 жылдар аралығында ирландиялық холдингтер арқылы 100 миллиард доллардан астам пайда тапқан. Алайда АҚШ-қа да, басқа елдерге де салық төлеуден жалтарған.

Шағын зерттеу: Meta Қазақстаннан қанша табыс табады?

Meta Қазақстан бойынша ресми қаржылық есептерді жарияламайды. Дегенмен BM.KZ редакциясы ашық деректерге сүйеніп өз есептеуін жүргізді:

* Аудитория бойынша: 12,4 млн қолданушы × орташа табыс (APAC аймағы бойынша $20–25/жыл) ≈ 65-85 млрд теңге.

* Жарнама нарығы бойынша: 160 млрд теңгенің жартысы әлеуметтік желілерде, ал басым бөлігі Meta-ға тиесілі ≈ 50-80 млрд теңге.

ҚР Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, 2024 жылы шетелдік интернет-компаниялар «Google салығы» арқылы Қазақстанға 35 млрд теңгеден астам қаржы төлеген. 2025 жылдың алғашқы айларында түсім 23 млрд теңгеден асып кетті. Meta да осы тізімде – Google және Apple-мен қатар, ең ірі салық төлеушілердің бірі. Бұл оның біздің нарықтағы табысының аз емес екенін айғақтап тұрғандай.

Ескерту: бұл сандар BM.KZ редакциясының ашық деректерге (ҚМ МКК, DataReportal, Meta есептері) сүйеніп жасаған есептеулері. Meta ресми түрде Қазақстан бойынша қаржылық көрсеткіштерді жарияламайды.

Қорытынды орнына

Қазақстан жаһандық цифрлық жүйенің толыққанды бөлігіне айналды. Біздің деректеріміз бен жарнама бюджетіміз өзге елдердің экономикасын байытып отыр. Мәселен, Facebook бір кездері Ирландиядағы холдингтер арқылы 100 миллиард долларды айналдырып, салықтан жалтарды. Ақыры жанжал шығып, бұл схеманы жабуға мәжбүр болды. Ұлыбританияда реттеушілер өз сөзін өткізді: әлеуметтік желіні пайдаланғың келсе – не деректеріңмен төлейсің, не ақшаңмен.

Бізде ше? Қарапайым халықтан әр салық пен айыппұлды соңғы тиынына дейін өндіріп алады. Ал миллиардтаған кіріс әкелетін халықаралық корпорацияларға келгенде — мардымсыз салықпен шектелеміз.

Диана Идрис,
Шымкент
BM.KZ
Facebook Meta ақша жарнама инстаграм Ұлыбритания

Оқылып жатыр

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Басты тақырып 5 декабря, 2025

Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Тыңдау қорытындысы Алматы облысы мәслихатының қарауына жіберіледі, деп хабарлайды Атом…

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

5 декабря, 2025

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

5 декабря, 2025

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

5 декабря, 2025

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

5 декабря, 2025

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

5 декабря, 2025

46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

5 декабря, 2025

Мэттью Перридің өлімі: актердің дәрігері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

5 декабря, 2025

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

5 декабря, 2025

БҚО-да кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

5 декабря, 2025

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

5 декабря, 2025

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

4 декабря, 2025

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

4 декабря, 2025

Алматыда жер сілкінді

4 декабря, 2025

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейді

4 декабря, 2025

Жезқазғанның су инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді — Үкімет

4 декабря, 2025

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізбеуге шақыратын ескерткіш орнатылды

4 декабря, 2025

Ақтөбеде авиазауыттың экс-басшысы 110 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

4 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.