ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері жобалаушы ұйымдар өтініштеріне жауап берді
Өтініштегі сұрақтар мен ұсыныстар құрылыс объектілерін іске асырудың қолданыстағы механизміне қатысты, деді вице-министр Тимур Қарағойшин ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, жобалаушылар Парламент Мәжілісіне енген Кодекс жобасын қолдауда.
«Олар жауапкершілік пен қоғамдық бақылауды күшейту және техникалық реттеу жүйесін регламенттеу, сонымен қатар Кодекс атауына қолдау білдіруде», — деді спикер.