Мобильді операторлар уақыт белдеуінің ауысуына байланысты сервисте ақау туындауы мүмкін екенін ескертті
Activ/Tele2 операторының хабарлауынша, 29 ақпанда 23:00 (UTC +6) мен 1 наурыз 06:00 (UTC +5) аралығында сервистерді ықтимал шектеумен техникалық жұмыстар жүргізіледі. Банктер, мемлекеттік сервистер және серіктестер жүргізетін қосымша сервистерге уақыт белдеуін өзгерту жөніндегі техникалық жұмыстар әсер етуі мүмкін екеніне назар аударамыз.
Компания «жаңа уақыт белдеуіне көшуге байланысты техникалық жұмыстар барасында мүмкін болатын шектеулерді болдырмау үшін» абоненттерге тарифті алдын ала – ағымдағы жылдың 29 ақпанына дейін төлеуді ұсынды.
Beeline да тұтынушылары үшін ескерту дайындап жатыр.
t.me/stankznews