Елде 148 мың мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналастырылды.
Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова хабарлады. Жұмыспен қамту бойынша ғылыми қызмет, мемлекеттік басқару, білім беру, сауда және денсаулық сақтау салалары көш бастап тұр. Кәсіптік деңгейі бойынша мүмкіндігі шектеулі жандардың 21 пайызы кәсіби мамандар, 19 пайызы біліктілігі жоқ қызметкерлер, 13 пайызы техниктер, ал қалған 11 пайызы басшылар мен мемлекеттік қызметкерлер және қызмет көрсету, сату салаларының мамандары.